Сәрсенбі, 30 Қазан 2024
Жаңалықтар 2060 0 пікір 21 Сәуір, 2011 сағат 07:01

Сенат қос палата арасындағы келісім комиссиясының құрамына өз депутаттарын сайлады

АСТАНА. 21 сәуір. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Бүгін ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында палата депутаттары «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне уәкілетті мемлекеттік органдар мен.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің тексерілетін субъектілерге қойылатын талаптарды белгілейтін нормативтік құқықтық актілерді қабылдау құзыреттерін қайта қарау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бойынша қос палата арасындағы келіспеушіліктерді еңсеру мәселесін қарап, ол бойынша келісім комиссиясын құру туралы шешім шығарды. Комиссия құрамына Сенат тарапынан депутат Серік Ақылбай, Қайсар Омаров, Сергей Плотниковтар сайланды.

Естеріңізге сала кетейік, аталған заң жобасы Мемлекет басшысының Үкімет пен басқа да мемлекеттік органдардың құзыреттерін айқындау жөніндегі өкілеттіктерін шектеуді жою мақсатында әзірленген. Сонымен бірге, құжат қолданыстағы заңнамаларды «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жеке кәсіпкерлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2009 жылғы 17 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңымен енгізілген түзетулерге сәйкес келтіруді қарастырады. Атап айтқанда, «Жеке кәсіпкерлік туралы» заңға сәйкес мемлекеттік органдарға кейбір нормативтік құқықтық актілерді қоспағанда, жеке кәсіпкерлік субъектілеріне тексеру жүргізу тәртібі мәселелері бойынша заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілер қабылдауға тыйым салынады. Қазіргі уақытта «Жеке кәсіпкерлік туралы» Заңның жоғарыда аталған талаптарына қарамастан, кейбір заңдарда көрсетілген актілерді бекіту бойынша уәкілетті органдардың құзыреттері бар. Бұдан басқа «Жеке кәсіпкерлік туралы» Заңның 37-1-бабының жаңа редакциясы жеке кәсіпкерлік субъектілеріне қойылатын талаптарды белгілейтін актілердің (заңдар, Үкімет қаулылары) тізбесін шектейді. Сонымен қатар аталған заң жобасымен Мемлекет басшысының Үкімет пен басқа да мемлекеттік органдардың құзыреттерін айқындау жөніндегі өкілеттіктерін шектеуді жоятын түзетулер енгізіледі.

Енді депутаттар арасындағы келіспеушіліктер келісім комиссиясының қарауына шығарылады.

0 пікір