Қарағандылық екі азамат саентология идеяларын заңсыз таратумен айналысты деп айыпталуда
ҚАРАҒАНДЫ. 21 сәуір. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - Қарағандыда мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотта бүгін «Дианетика» Саентология шіркеуі» діни бірлестігінің заңсыз қызметі туралы іс бойынша тергеу басталады. Бұл туралы Қарағанды облыстық сотының баспасөз қызметінен хабарлады.
Соттың дерегі бойынша, Қарағандының екі тұрғыны саентологиялық идеяларды заңсыз таратқаны үшін айыпталып отыр.
«Ағымдағы жылы 11 сәуірде соттың қарауына ҚР Әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы кодексінің 274-1 бабының 2-тармағы мен 274-1 бабының 1-тармағы бойынша З.Әмірова мен В.Витушкинге қатысты әкімшілік істер түскен болатын. Оларға Қазақстан Республикасында заңнамамен белгіленген рет бойынша тіркелмеген қоғамдық, діни бірлестіктердің жұмысына қатысты, сондай-ақ олардың қызметін қаржыландыруға атсалысты деген айыптар тағылып отыр», делінген соттың хабарламасында.
Қарағандыдағы«Дианетика» Саентология шіркеуі» діни бірлестігі мамандандырылған ауданаралық экономикалық соттың 2009 жылғы 16 ақпандағы шешімімен жабылған болатын. Осыған қарамастан, бірлестік заңсыз жұмысын жалғастырып келген.

«Аталмыш діни бірлестік З.Әмірованың атына тіркелген жеке кәсіпкерліктің атын жамылып, саентологиялық идеяларды тарату және ақылы негізде саентологиялық рәсімдер жүргізу жөніндегі заңсыз қызмет атқарып келген. В.Витушкин осы заңсыз діни бірлестіктің жетекшісі болып табылады», делінген баспасөз баянында.
Бүгін әкімшілік сотта осы іс бойынша бірінші тыңдау өтеді.