Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2198 0 пікір 22 Сәуір, 2011 сағат 07:05

Шәріпхан Қайсар. Обама Facebook басшысы Цукербергпен кездесті

АҚШ президенті Барак Обама Facebook әлеуметтік желісінің негізін қалаушы, әрі басшысы Марк Цукербергпен кездесті деп хабарлайды AFP. Кездесу соңында 26 жасар Цукерберг Обамаға Facebook деген жазуы бар қара-көк түсті кеудеше сыйға тартқан. «Алғысымызды білдіре отырып ұсынған қарапайым ғана сыйымызды қабыл алыңыз. Бұл Сіз егер мен сияқты киінгіңіз келсе қажет болады» - деді әлемдегі ең жас миллиардер. Ұсынылған сыйды алған Президент Обама «Бұл сән әлемінің жоғары үлгісі. Өте әдемі, көп рахмет!» - деп жауап берді.

Обаманың Цукербергпен кездесуі мемлекет басшысының халықтың анағұрлым белсенді аудиториясымен тікелей сөйлесуіне жақсы мүмкіндік туғызды. Сондай-ақ, Обама кездесу барысында алдағы келе жатқан Президент сайлауы кезінде жастардың қолдау көрсететіндіктерінен үмітті екенін жасырмады.

Бұл АҚШ демократиясының бір көрінісі ғана. Қазақстанда да интернет пайдаланушылар саны күннен-күнге өскен сайын, билік оған назар аударып, кейбір мәселелерде дереу шешім қабылдап, шара қолданып жатыр. Оған бір мысал - Маса.кз сайтында жарияланған «Жар басындағы жалғыз үй» фоторепортажы. Дей тұрғанмен, бұл әлі де жеткіліксіз. Қазақ билігі интернет, соның ішінде қазақ тілді интернет басылымдарына назар аударып, ондағы көтерілген мәселелерді шешу жолдарын қарастырғаны жөн.

АҚШ демократиясына жетпесек те Дала демократиясына сәйкес көптің сөзін ескеріп, көптің қалауын орындау орынды болар еді. Әйтпесе abai.kz, masa.kz т.б. сайттарда, БАҚ-та жарияланған қаншама ашық хаттар, проблемалық мақалалар, репортаждар жауапсыз, шешімін таппастан қалып жатқаны баршамызға мәлім.

Соңғы кездері интернет кеңістігінде аса белсенділікпен көзге түсіп жүрген саясаткерлердің бірі - Қазақ үкіметінің басшысы Кәрім Мәсімов екенін білеміз. Тwitter, on.kz т.б. әлеуметтік желілерде күнделікті хабарламалары шығып тұрады. Орысшасын білмеймін, қазақшасы қисынсыз. Мен әйттүм, мен бүйттім, мен әйткелі жатырмын, мен бүйткелі жатырмын, бәрі керемет, бәрі тамаша, Елбасы аман болсын, соның арқасы. Бар жазатыны осы. Мәсімов күндіз-түні интернетте отырмайтын шығар. Соған қарағанда «Егемен Қазақстан» мен «Хабардың» журналистері отыратын сияқты сол желілерде. Стильдері аумайды.

Жарайды. Бұл түсінікті шығар... Қазақстанның интернеті дамуы үшін Сіздің ше Қазақ билігі ең алдымен қандай шараларды жүргізу керек?

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5434