Ерұлан Жамаубаев ҚР Президенті көмекшісі қызметіне тағайындалды
Кеше Мемлекет басшысы кадрлық өзгерістер жасады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.
Мемлекет басшысының Жарлығымен Ерұлан Жамаубаев ҚР Президентінің көмекшісі болып тағайындалды.
Мемлекет басшысының басқа Жарлығымен Тимур Жақсылықов басқа жұмысқа ауысуына байланысты ҚР Президентінің көмекшісі қызметінен босатылды.
Сондай-ақ, Мемлекет басшысының Жарлығымен Ерұлан Жамаубаев басқа қызметке ауысуына байланысты ҚР Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің меңгерушісі қызметінен босатылды.
Ерұлан Жамаубаев 1974 жылы туған. 1995 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын «қаржы және несие» мамандығы бойынша бітірді. 2009 жылы Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетінің халықаралық бизнес мектебінде «стратегиялық менеджмент» мамандығы бойынша іскерлік әкімшілік магистрі академиялық дәрежесін алды.
1996-1998 жылдары — тағылымгер оқытушы, Қазақ мемлекеттік басқару академиясының оқытушысы.
1998-2006 жылдары — ҚР Ұлттық Банкінің жетекші талдаушысы, бас талдаушысы, бас талдаушы-сарапшысы, бөлім бастығы, Зерттеу және статистика департаменті директорының орынбасары қызметтерін атқарған.
2006-2014 жж. ҚР Ұлттық Банкінің Үйлестіру департаментінің директоры қызметін атқарды.
2014 жылдан 2015 жылға дейін «Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс банкі» АҚ басқарушы директоры болды.
2015 жылдың шілде-қараша айларында — ҚР Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің меңгерушісінің орынбасары қызметін атқарды.
2015 жылдан 2018 жылға дейін — ҚР Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің меңгерушісі болды.
Abai.kz