Жұма, 2 Қазан 2026
2641 0 пікір 16 Қараша, 2018 сағат 12:43

Түркістан облысындағы жұмысшылардың орташа айлығы 103 464 теңге

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың “Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру” атты Қазақстан Халқына арнаған Жолдауының негізі – халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту, тұрғындардың жалақысын көтеру сияқты әлеуметтік түйткілдерді шешуге бағытталғаны белгілі. Осыған сәйкес, өңірлерде де бірқатар жұмыстар атқарылып жатыр.

Мәселен, бүгінгі таңда Түркістан облысындағы жұмысшылардың орташа айлығы 103 464 теңгені құрайды екен. Бұл туралы жуырда «Нұр Отан» партиясы Түркістан облыстық филиалының ұйымдастыруымен өткен  фракция отырысында  облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Әлібек Тілегенов  мәлімдеген болатын.

Әлібек Тілегенов  айтуынша,  2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап жалақылары төмен азаматтардың салықтарын 10 пайыздан         1  пайызға төмендеткен жағдайда, болжаммен бюджет түсімі 1 млрд. 219 млн.тг азаяды.

Бюджет жоғалтымы болғанымен, төмен жалақы алатын азаматтардың орташа айлық жалақылары 2500-3000 теңгеге артады.

Тілегеновтің пікірінше атқарылған шаралардың нәтижесінде халықтың әл-ауқаты бір жаңа деңгейге көтеріледі.

Гүлжан Нұрланқызы

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Ғылым-білім

Наука действия – от теории к практике

Алмаз Ещанов 344
Мәдениет

Бір тағдырдың ар жағындағы бір дәуір

Инара Аубакирова 366
Аласапыран

Академик: Ресей ғылымға қару кезенді!

Нұргелді Әбдіғаниұлы 500