Сейсенбі, 26 Қараша 2024
3404 0 пікір 30 Қараша, 2018 сағат 08:39

Ордабасы ауданында мақта шаруашылығы қарқынды дамып келеді

Биылғы жылдың қазан айында Мемлекет басшысы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауында Қазақстан халқының әл-ауқатын барынша көтеру жайы да айтылған еді. Жолдауға сай Түркістан облысында ауылшаруашылығы саласына үлкен қолдау көрсетілуде.

Ордабасы ауданында мақта шаруашылығы қарқынды дамып келеді. Оның басты себебі мақта құны өсе бастады.Сондай-ақ бұл салаға лайықты инвестициялар тартылды. Осының нәтижесінде аудан аумағындағы мақтаның орта түсімі 25 центнерді құрады.

Биыл мақта жинау жұмысы Төрткүл ауыл округінде де қарқынды жүрді. Мұндағы 10331 гектар суармалы жердің 4737 гектарында мақта егілген болса соның 90 пайызы осы аймақтағы «Нұр-Агро-73» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің  күшімен жиналды.

Мырзахан Батырбеков бас директордың орынбасары

Аталмыш кәсіпорында  қазір мақта өңдеу жұмысы қарқынды жүруде.Кәсіпорында 300 адам тұрақты жұмыс істейді.Зауыт маусым кезінде  30 мың тонна мақта шикізатын өңдеуге қауқарлы.

Өтеміс Мұқтархан -Төрткүл ауыл округінің әкімі

Биыл кәсіпорын қырманында Шардара,Түркістан, Ордабасы аудандарынан  ақ алтын молынан жиналды.Мақта зауытының өндіріс процесі қарқынды.Жұмысшылыр 3 ауысымда жұмыс істеді.Кәсіпорында тәулігіне 50-55 тоннаға дейін ақ алтын талшықтары шығарылады.Зауыт өнімдері негізінен Чехия,Белеаруссия,Молдова жәнеРесей мемлекттеріне экспортталуда.

С. ҚҰТТЫБАЙҰЛЫ  

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1536
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3316
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 6019