Жексенбі, 29 Қыркүйек 2024
2590 0 пікір 22 Қараша, 2018 сағат 14:53

Түркістан облысы, Бәйдібек ауданында халықаралық деңгейдегі спорт нысандары пайдалануға беріледі

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жыл сайынғы халыққа арнаған Жолдауларында халықтың салауатты өмір салтын ұстануына, бұқаралық спортты дамытуға айрықша көңіл бөліп келеді. Осыған сәйкес, елімізде спорттық нысандардың саны артып келеді.

Мәселен, Түркістан облысы, Бәйдібек ауданындағы Шаян ауылында салынып жатқан жабық теннис корты, жүзу бассейні және спорт алаңшаларына инвесторлар 1,3 млрд теңге ақша құйған. Құрылыс нысандарын түркиялық мердігер компания салып жатыр. Бұл нысандар биыл пайдалануға берілмек. Теннис корты сапалы төсенішпен жабдықталған.

Ал, жабық бассейннің ұзындығы 25 метр болса, ені — 11 метр. Бассейн автоматты тазалау жүйесімен жабдықталып жатыр. Нысандар 1-2 ай көлемінде пайдалануға берілмек. Енді ауданда үлкен теннис, жүзу спорты дамымақ. Бүгінде аудандық дене шынықтыру және спорт бөліміне қарасты 1 спорттық кешен, 5 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі жұмыс істеп тұр. Биылдың өзінде аудандағы спорт мектептеріндегі 40-қа жуық спортшы облыстық, республикалық және халықаралық жарыстардан жүлдемен оралды.

Мұндай халықаралық деңгейдегі спорт нысанының салынғанына аудан тұрғындарының ризашылығы шексіз.

Abai.kz

0 пікір