Жексенбі, 29 Қыркүйек 2024
2499 0 пікір 22 Қараша, 2018 сағат 16:11

Түркістан облысында 2015-2017 жылдары 81,8 млрд. теңгені құрайтын 60 жоба іске асырылды

Түркістан облысында 2015-2017 жылдары 81,8 млрд. теңгені құрайтын 60 жоба іске асырылды. Жобалардың 2/3 бөлігі ауылдық жерлерде іске асырылған.

Сайрам ауданында жеке кәсіпкер Рахманкулов А. «Белла Мебель» брендімен корпусты жиһаз өндіруді бастады.

Қазығұрт ауданында «Отырарбат-Құрылыс» ЖШС — газдалған бетон өндіретін зауыт іске қосылды.

Ордабасы ауданында «Бөрте Милка» ЖШС-ның сүт өңдеу зауыты өнімшығаруды бастады.

«Химфарм» АҚ қатты дәрілік өндіріс формалар өндірісі іске қосылды.

Түркістан қаласында «Cordial exclusive» ЖШС жұмсақ жиһаз фабрикасының құрылысын аяқтап, кәсіпорынды іске қосты.

«Шымкентцемент» АҚ цемент зауытын жаңғырту жобасы іске қосылып, цемент шығарудың «құрғақ» тәсілі өндірістің энергия тұтыну көлемін 2,5 есе азайтуға мүмкіндік берді.

2018 жылы Түркістан облысында 16,8 млрд. теңгенi құрайтын 9 жобаны іске қосу көзделген.

Есепті кезеңде Ордабасы ауданының «Бадам» — Қазақ Түрік индустриялдық аймағында «Green Technology Industries» ЖШСқұны 1,3 млрд. теңгені құрайтын «ПЭТ қалдықтарын өңдеу және штапельді талшықтар өндірісін ұйымдастыру» жобасының 1-кезеңін іске қосты. Кәсіпорын жылына 15 мың тонна өнім өндірілетін болады. Зауытта заманауи технологиялар қолданылуда.

Айдар Дидар

Abai.kz

0 пікір