Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2560 0 пікір 25 Сәуір, 2011 сағат 06:09

Жанна Орынбасарова: «Джазды жаным қалайды»

- Жанна, сіз Атырауда сәуірдің 24-де концерт бергелі отыр екенсіз...

- Иә, сол концертке дейін Атырауға «Хабар» агенттігінің түсіру тобымен бірге бармақшымыз. «Хабар» агенттігі еліміздің тәуелсіздігіне 20 жыл толуына орай деректі фильм түсіргелі отыр. Ол үшін еліміздің әр аймағынан шыққан бірді-екілі танымал тұлғаларды іріктеп, оларды өз туған жерінде бейнежазбаға түсіріп, өмірі мен отбасы жайлы сюжет дайындамақ. Атыраудан мені және музыкант Ринат Ғайсинді таңдады. Негізінен, бұл да бір қызық жоба болайын деп тұр. Оны да алдағы уақытта көре жатарсыздар.

- Жақында «Арман-ай» атты жеке альбомыңыз жарық көрді. Осы ән жинағыңыз жөнінде тоқталсаңыз?

- Бұл ән жинаққа өзім шығарған және Е.Көкеев, А.Тоқсанбаев, Б.Қохаманов, Б.Құсайынов, Ш.Қалдаяқов, Ж.Сейдолла, А.Зацепиндердің әндері енгізілді. Барлығы - 12 ән. Бәрі де қазақ тілінде. Атап айтсақ, олар - «Сен», «Жалғыз қайың», «Өмір сен», «Мама», «Туған жерім», «Ақ ерке - Ақ Жайық», «Ана тілегі», «Сағыныш», «Сен ғана», «Арман-ай» әндері және халық әндері - «Ақ бақай», «Қызылқұмда ауылым». Атыраудағы концертте осы әнжинаққа кірген барлық әндерді орындамақпын.

- Біз сіздің Атырау өңірінің тумасы екеніңізді білеміз. Өзіңіз және отбасыңыз жайында айтып өтсеңіз?

- Мен 1968 жылы Атырау қаласында дүниеге келдім. Қаладағы №13 мектепті бітірдім. Мектептен кейін Шымкенттегі Әл-Фараби атындағы мәдениет институтына оқуға бірден түстім. Соны тәмамдаған соң 1997 жылы Алматыға келдім. Жалпы, отбасында біз екі ұл, төрт қызбыз. Әкем қайтты. Анам бар. Қазір оның жасы 73-те. Өз отбасымда бой жетіп қалған бір қызым бар. Ол халықаралық қатынастар факультетінде оқиды.

- Өнерсүйер халық сіздің джаздық стильдегі әнші екеніңізді жақсы біледі. Ал өзіңіздің әнге мәтінмен қоса, әуен шығаратын өнеріңізді халықтың бәрі бірдей біле бермейді. Композиторлық қырыңыздың ашылғанын қашан байқадыңыз?

- 1997 жылы «Бала тілегі» деген әннен басталды бәрі. Содан кейін «Жүрегімде» деген әнмен жалғасып кете берді. Көп әндерімді өзім орындаймын. Өзіңе таңсық әннің ырғағы қалай келетінін алдын-ала білмейсің. Бірақ, мен композиторлықпен кәсіби деңгейде айналыспаймын ғой. Әнді жүректің қалауы оянғанда, тек өзім өзім үшін ғана шығарамын. Негізінен, отбасымызда өнерге жақын адам болған емес. Бірақ, анамның ыңылдап ән айтатыны бар. Қонақтардың алдына шығып, ән салғанды жаны сүйеді. Мүмкін біздің арғы тегімізде өнерге бір табан жақын біреулер болған шығар? Кім біледі?

- Әндеріңізге сұраныс түсірген әншілер бар ма?

- Бір рет әнші Мәдина Сәдуақасова сұраған соң бердім. Менің ойымша, өзімнің әндерімді өзімнен артық ешкім өзімнің ойымдағыдай орындамайтын шығар деп ойлаймын. Әнді біреулерге әдейі жазып көрген емеспін. Дайын әнім болғасын Мәдинаға бергенмін. Ол ән Мәдинаның жеке альбомына кірді. Жалпы, қазір өзім жазған 20 шақты ән бар. Ал репертуарымдағы әндерді санамаппын. Олар өте көп.    

- Сіздің негізгі мамандығыңыз биші екен. Осы кәсіпті әрі қарай жалғастырмай, әншілікке бет бұруыңызға бір жағдай әсер етті ме?

- Мен институтқа түскенде 1-курстан бастап ән айттым. Атырауда жүргенде мектепте де сахнадан көрініп жүрдім. Жоғары оқу орнында би де биледім. Бірақ, әншілігім жеңіп кетті. Мектеп жанында жүргенде 5-сыныптан бастап биге қатысқанмын. Би ансамблінде де болдым. Оқу бітірген соң хореограф болып бір-екі айдай ғана жұмыс істедім.

- Cіз еліміздегі «Екі Жұлдыз» жобасында белгілі тележурналист Нұртілеу Иманғалиұлымен дуэт болып, ән шырқаған едіңіз. Бұл жоба сізге не берді? Жалпы, осы жобаға қатысты пікіріңіз қандай?

- Бұл жобаның ашылуында бірінші болып қатысқан жұптардың біріміз. Ол кезде қазіргідей сахнада микрофондар болған емес. Барлығы портал. Соның өзінде біз үшін бәрі қызық болды. Нұртілеу ағамен тіл табысу қиындау еді. Сахнаға бірге төрт-бес рет қана шықтық. Неше түрлі әндер, образдарда көрінгеніміз де қызықты болды. Сол жобадан біздің тезірек шығып кеткенімізге өкінемін.

- Қазақ эстрадасында не нәрсеге қарныңыз ашады?

- Қазір тойдың әндері көбейіп кетті. Өзбек әуенінің иірімдері қосылған. Халық әндерін де бизнеске айналдырып алды бір әншісымақтар. Әр аймақтағы кей жас әншілер тойда жүріп ақша табу үшін ғана жүр. Әндері де, дауыстары да бір. Біреуін де айыра алмайсың. Фонограммамен айтады. Осы ұнамайды.

- Болашаққа құрған қандай жоспарыңызбен бөліспекшісіз?

- Клип түсірсем деймін. Бірақ, әлі ештеңе бастаған жоқпын. Жалпы, осы күнге дейін тек екі әніме ғана клип түсірілген. Олар - «Жүрегімде» әні және «Сон мой» әні. Өзімнің әншілігіме байланысты жоспарларым көп. Мен эстрададан бөлек, бірнеше оркестрмен джаздық жобаларға қатысамын. Қазіргі «Қазақстан» телеарнасында жүріп жатқан «Қазақтың 100 әні» атты жобада менің орындауымдағы екі ән шырқалып, тізімге енгізілді. Оның біреуі - «Қызылқұмда ауылым» халық әні, екіншісі - Антон Зацепиннің «Мама» әні. Екеуі де жаңа альбомыма енген әндер. Әндер жаңа заманға сай әрленді. Өзіңіз де байқайтын боларсыз, менің орындауымдағы әндер қазіргі заманғы музыка ырғағымен астасып жатады. Мен фольклорлық әнші болмағаннан кейін, менің орындауымдағы халық әні де өзгеше естіледі. Негізінен джаздық альбом жазғым келіп жүр. Себебі, джазды жаным қалап тұрады. Жоспарларды іске асыру - уақыттың еншісіндегі нәрсе және қаражатқа да тікелей байланысты.

- Әңгімеңізге рахмет!

Сұхбаттасқан Айнұр АСЫЛБЕКҚЫЗЫ

Жаннаның алғашқы альбомы «Сон мой» деп аталған. Ал 2010 жылдың 2-желтоқсанында оның «Арман-ай» атты екінші жеке альбомы жарық көрді. Қазір әншінің шығармашылығы даму үстінде. Ол тағы да бір альбом шығаруға кірісіп кетті.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3241
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5391