Төртінші шақырылымның басынан бері Мәжіліске 115 заң жобасы келіп түсті
АСТАНА. 26 сәуір. ҚазАқпарат - 2010 жылғы 1 қыркүйек пен 2011 жылғы 15 сәуір аралығындағы кезеңде Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне 115 заң жобасы енгізілді. Заң жобаларының ішінде екеуін - Қазақстан Республикасының Президенті, алтауын - депутаттар, 107-сін - Үкімет енгізді.
Бұдан басқа Палатаның заңнама қоржынында алдыңғы сессиядан Палата қарауына өткен 51 заң жобасы бар. Оның ішінде 45-іне - Үкімет, алтауына депутаттар бастамашы болған. Аталған кезеңде Мәжіліс 99 заң жобасын қарап, мақұлдады және Парламент Сенатына жіберді.
Сенат қабылдап, ел Президенті қол қойғаннан кейін 86 заң жобасы заңды күшіне еніп, Қазақстан Республикасының құқықтық базасын толықтырды.