Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2607 0 пікір 26 Сәуір, 2011 сағат 05:37

БҚО-да су тасқынының зардаптарын жою жұмыстары жалғастырылуда, жалпы жағдай тұрақталды - ҚР ТЖМ

АСТАНА. 26 сәуір. ҚазАқпарат /Гүлмира Әлиакпарова/ - Батыс Қазақстан облысында көктемгі су тасқынының зардаптарын жою жұмыстары жалғастырылуда, жалпы жағдай тұрақталды.

Бұл туралы ҚР ТЖМ-нан хабарлады.

25 сәуір күнгі сағат 21.00-дегі жағдай бойынша, Орал қаласындағы гидрологиялық бекетте Жайық өзенінің деңгейі 607 сантиметрді құрап отыр, бір тәулікте ол 6 сантиметрге азайды; Чувашинское ауылындағы гидрологиялық бекетте Шаған өзенінің деңгейі 643 сантиметр болды, тәулік ішінде ол 35 сантиметрге төмендеді; Қайыңды кентіндегі гидрологиялық бекетте Үлкен Өзен өзені бір тәулікте 14 сантиметрге азайып, қазір оның деңгейі 522 сантиметрді құрап отыр.

Байланыс, энергия және газбен қамту жүйелерін апатты-қайта қалпына келтіру жұмыстары жалғастырылуда.

Көмекке зәру барлық 1109 адам 5 эвакуациялық бекетке орналастырылып, бірінші қажеттіліктегі заттармен қамтамасыз етілуде.

Аудандық әкімдіктер жанында су тасқынынан келген шығындарды есептеу бойынша комиссиялар жұмыс істеп жатыр.

Осы күні «МемМатРезерв» және басқа да құрылымдар БҚО мен Орал қаласында тасқынды сулардан зардап шеккендерге азық-түлік, дизельді отын, көрпелер, бірінші қажеттіліктегі заттар түріндегі гуманитарлық көмекті таратып берді.

Ал Астана қаласынан жеткен гуманитарлық көмек ведомстводан хабарлағандай,  БҚО-ның Зеленов ауданына, Ақтөбе қаласының жәрдемі Тасқала ауданына үлестірілді.

Қазіргі уақытта өңірде төтенше жағдайды жоюмен барлығы 246 адам, 63 техника, 18 қайық пен 1 тікұшақ айналысуда.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3235
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5366