Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3158 0 пікір 26 Сәуір, 2011 сағат 05:38

Шанхайда ШЫҰ елдері Бас штаб басшыларының кездесуі өтті

БЕЙЖІҢ. 26 сәуір. ҚазАқпарат /Руслан Сулейменов/ - Дүйсенбі, 25 сәуірде Бейжіңде  Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше елдердің Бас штаб басшыларының кездесуі өтті.

Қытайдың Ұлт-Азаттық армиясы Бас штабының басшысы Чэнь Бидэ  ШЫҰ елдерінің қорғаныс және қауіпсіздік саласындағы 10 жылдық ынтымақтастығының қорытындысын шығарды. «Бірлескен қауіпсіздікке, ортақ дамуға,  мүдделерді бірлесіп қорғауға, ортақ ығыттарға қарсы тұруға бағытталған талпыныстар  Шанхай ынтымақтастық ұйымының барлық елдерінің бірлескен іс-қимылын талап етеді», - деді Чэнь Бидэ өз сөзінде.

Кездесуге қатысқан бас штаб басшылары халықаралық және аймақтық ахуалдар, қорғаныс және қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастықты әрі қарай дамыту мәселелері бойынша пікірлер алмасты. Тараптар Ұйымға мүше елдердің  қорғаныс және қауіпсіздік саласындағы  соңғы 10 жылдағы жетістіктеріне қанағаттанарлық білдірді және ынтымақтастықты әрі қарай нығайту жолында бірлесіп әрекет етуге әзірліктерін жеткізді.

Делегация басшылары кездесудің қорытындысы бойынша хаттамаға қол қойды.

Мәжіліске  Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары, Штаб басшылары комитетінің төрағасы генерал-полковник Сәкен Жасұзақов қатысты.

Естеріңізге сала кетейік, бұл кездесу қытай тарапының бастамашылығымен өтті және ол ШЫҰ елдері армия бас штаб басшыларының бірінші кездесуі болып табылады.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3235
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5366