Өткен аптаның соңында АҚШ-тың мемлекеттік департаменті "Астанада өткен соңғы саммитте тараптар Сирия конститутциялық комитеті мүшелерінің тізімін жасауда келісімге келе алмағандықтан, Сириядағы жағдайды саясат арқылы реттеу мүмкін болмай отыр деуге болады" деп мәлімдеген.
Қазақстан СІМ айтуынша, Сирия мәселесін реттеудің "саяси жолдарын" талқылау, Сирия конститутциялық комитетін құру – Біріккен ұлттар ұйымының өз бастамасы.
АҚШ Мемлекеттік департаменті 29 қарашада Ресей мен Иран Башар Асад билігінің БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің қарарында айтылған саяси процеске қатысуға ниеті жоқтығын Астана процесі арқылы жасырып-жауып отыр деп мәлімдеген. Мемлекеттік департамент мәлімдемесінде Астанадағы соңғы келіссөзге қатысушылар Сирия конституциялық комитетіне кіретін мүшелер тізіміне келісе алмағаны, яғни, Сирия дағдарысын саяси жолмен реттеуде алға ілгерілемегені айтылады.
БҰҰ-да Ресей, Түркия мен Иран Астанада өткен соңғы келіссөзде Сириядағы дағдарысты саяси жолмен реттей алмағанын мәлімдеген.
Abai.kz