Талғат Мұсабаев американдық Aviation Week & Space Technology журналына Қазақстанның ғарыш саласындағы жетістіктері туралы сұхбат берді
АЛМАТЫ. 27 сәуір. ҚазАқпарат /Сара Қабиқызы/- Ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы Талғат Мұсабаев американдық Aviation Week & Space Technology журналының өтінішіне орай басылымның Азия елдері бойынша редакторы Лейтен Франсиске сұхбат берді.
Ғарыш өнеркәсібі туралы жазатын американдық авиациялық журнал әлем елдеріне тарайды және ол аптасына 100 мың данамен шығады. «Біздің басылым Қазғарыштың басқа ғарыш агенттіктерімен арадағы халықаралық ынтымақтастығы туралы, Қазақстанның ғарыш саласының бүгінгі даму жолы туралы тереңірек білгісі келеді», деді Л. Франсис кіріспе сөзінде.
Журналистің «Қазсат» жерсеріктері туралы сауалына берген жауабында «Қазғарыш» басшысы, 2011 жылдың маусым айында Байқоңырдан екінші қазақстандық жерсеріктің ұшырылатыны туралы айтты және «Қазсат» сериясындағы үшінші ғарыш аппаратының жасалу жоспары туралы әңгімелеп берді.

Т.Мұсабаев сондай-ақ «Байқоңыр» ғарыш айлағын акционерлендіру мүмкіндігі туралы әңгімеге түсіндірме берді: «Байқоңыр» ғарыш айлағы акционерлендірілмейді, себебі ол Қазақстан Республикасының меншігі болып табылады және ол Ресей Федерациясына 2050 жылға дейін жалға берілген. «Біз бұл мәселені телефон арқылы «Ресейғарыш» агенттігінің басшысы Анатолий Перминовпен талқыладық. Кейбір бұқаралық ақпарат құралдары дабыра етіп жариялағандай, «Байқоңырды акционерлендіру туралы ешқандай мәлімдеме жасамағанын айтты», деді өз сұхбатында Ұлттық ғарыш агенттігінің басшысы.
«Қазғарыш» басшысы Қазақстанның ғарыш саласындағы жоспарлары туралы әңгімелеп берді және агенттіктің бүгінде елдің ұлттық ғарыш саласын құру бағытында көпвекторлы жұмыс жүргізіп отырғанын атап көрсетті.
Өз кезегінде Л.Франсис мырза, мазмұнды сұхбаты үшін Ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасына алғыс білдірді және Aviation Week& Space Technology журналындағы Қазақстан туралы осынау алғашқы мақала дүниежүзі оқырмандарына Қазақстанның ғарыш державаларының қатарынан өз орнын алуға деген талпынысы туралы білуге мүмкіндік беретіндігіне сенім білдірді.