Павлодарлық түлектердің 94 пайызы Ұлттық бірыңғай тестілеуді таңдап отыр
ПАВЛОДАР. 28 сәуір. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодарлық түлектердің 94 пайызы, яғни 1512 оқушы Ұлттық бірыңғай тестілеуді таңдап отыр, деп хабарлады қалалық білім бөлімінен.
Мектептер бірыңғай ұлттық тест сынағына дайындалуда, консультациялар ұйымдастырылуда, түлектермен жеке жұмыстар жүргізілуде, мектептердің психологиялық қызметтері оқушылармен тренингтер өткізуде. Сондай-ақ емтиханға дайындық мәселелері бойынша ата-аналармен де әңгімелесулер жүргізілуде.
Павлодардың барлық мектептері 2011 жылғы тест жинақтарымен қамтамасыз етіліп отыр, оған қоса күрделі тақырыптар бойынша электрондық базалар жасақталған. Мұғалімдер «5+» және «Quick Exam System» бағдарламаларымен, Ұлттық бірыңғай тестілеуді ақпараттық қолдау сайтының материалдарымен жұмыс істеуде.
«Алтын белгіден» үміткер 23 түлек пен үздік білімі туралы аттестаттан үміткер 38 түлектің дайындығы білім бөлімінің айрықша назарында. Соңғы ілкі тест сынағының қорытындысы бойынша олар орта есеппен 114 балл жинап отыр.