Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 3341 0 пікір 28 Сәуір, 2011 сағат 05:01

«АҚШ басылымының болжамында ақиқат бар ма?» - республикалық басылымдарға шолу

АСТАНА. 28 сәуір. ҚазАқпарат - Қазақ ақпарат агенттігі республикалық басылымдарда 28 сәуір, бейсенбі күні шыққан өзекті материалдарға шолуды ұсынады.

***

Қаржылық бақылау агенттігі та­ратылып, оның қызметі Ұлттық банк­­ке берілгелі бері әртүрлі пікірлер айтылуда. Осы мәселеге, қаржы саласындағы бас­қа да түйткіл ойларға байланысты Абай атындағы Ұлттық педагогикалық университеті қаржы кафедрасының меңгерушісі, экономика ғылымдарының докторы, қаржыгер Бейсенбек Зия­бе­ков «Айқын» газетінде оқырманмен өз пікірін бөліскен. «Банк жүйесіндегі дағдарыстың негізгі сыртқы себептерінің бірі ретінде Ұлттық банк пен Қаржы нарығы және қаржы ұйымдарын реттеу және бақылау жөніндегі агенттік жүргізген несие беретін ұйымдардың қызметін реттеу саясатының нашар болғанын келтіруге болады», - дейді сарапшы. Білікті маман пікіріне қаныққыңыз келсе, «Ұлттық банк пен Үкімет бірлесіп жұмыс істеуі тиіс» деген мақалаға көз жүгіртіңіз.

Жарғақ құлақтары жастыққа тимей, әркез «айды аспанға шығаруға» талпынып жүретін америкалық журналистер жуырда тағы бір қызықты деректерді алға тартты. Бұл жолы әйгілі «USA Today» газетінің тілшілері 2012 жылы Лондонда өтетін жазғы Олимпиада ойындарына болжам жасаған екен. Осы мәселе арқау болған мақала «Айқын» газетінде  «АҚШ басылымының болжамында ақиқат бар ма?» деген тақырыппен жарияланды. «АҚШ басылымының пайым­дауынша, Қазақстан құрамасы Лондонда 3 алтын медальді ие­ленеді. Ондай құрметке қос ауыр атлет - Светлана Подобедова мен Майя Манеза және таэквондошы Арман Шылманов лайық деп танылды», - деп жазады басылым. Байрақты бәсеке қарсаңындағы болжаммен толық танысқыңыз келсе, газеттің бүгінгі санын жіберіп алмаңыз.

***

«Алаш айнасы» газетінің тұрақты «Дат!» айдарында тарих ғылымының кандидаты Мырзахан Эгамбердиевпен арадағы сұхбат «Барлық мектептер мен жоғары оқу орындарына «түркі халықтарының тарихы» немесе «жалпы түркі тарихы» пәні енгізілсе дұрыс болар еді» деген тақырыппен басылды. Басылым тілшісінің барлық сауалдарына егжей-тегжейлі жауап берген ол: «Діні бір, тілі бір, мәдениеті мен салт-дәстүрі бар түркі мемлекеттері Еуропа мемлекеттері іспетті мәдени-интеграциялық ұйым құрғаны дұрыс болар еді. Бұл бірлікке жету үшін де халықтың санасын ұлттық бағытта дамытқан абзал», - дейді.

«Осыған дейін АҚШ-тың полицейлері Қазақстан азаматы Кирилл Денякинді атып тастағаны туралы айтылған болатын. Қазіргі күні Қазақстанның АҚШ-тағы елшілігі бұл мәселенің егжей-тегжейін анықтап жатыр», - деп жазады «Алаш айнасы» газеті. Басылымның атап өтуінше, еліміздің Сыртқы істер министрлігі аталған азаматтың жерлесіміз екендігін растап отыр. Қазіргі күні ҚР СІМ Қазақстанның Вашингтондағы елшілігіне мәселенің мән-жайын анықтауды, құқық қорғау органдарымен  байланыста болуды және ең бастысы, мәйітті елге алып келуге көмектесуді тапсырған. Мақала «АҚШ полициясы Қазақстан азаматын атып тастады» деген тақырыппен берілген.

***

Елімізде футболдан жасөспірімдер арасында ҚР Президентінің кубогы үшін халықаралық турнир басталды. Осы жайт арқау болған мақала «Астана ақшамы» газетінде «Сегіз команда сайысқа кірісті» деген тақырыппен берілген. Баслылымның атап өтуінше, төртінші рет өтіп жатқан дәстүрлі жарысқа сегіз команда қатысуда. Бір аптаға созылатын турнир Астана-Арена стадионында өтуде. Ұтыс қоры 20 мың долларды құраған Президент кубогы былтырдан бері елордада өтіп келеді.

***

«Казахстанская правда» газетінің жазуынша, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған түркітілдес елдердің Парламенттік Ассамблеясының қызметі, сондай-ақ түркі тілдес мемлекеттердің ынтымақтастығының маңызды аспектілері кеше ассамблея форумына қатысуға келген Әзірбайжан Республикасы Милли Меджлисінің Төрағасы Октай Асадов және Түркия Республикасы Ұлы Ұлттық жиналысының төрағасы Мехмет Әли Шахинмен ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы Орал Мұхамеджановтың арасындағы кездесулер барысында қозғалды. Бұл жайында басылымның бейсенбілік санындағы «Расширяя диалог цивилизаций» деген тақырыптағы мақалада кеңінен баяндалған.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1462
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3229
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5308