ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Сауд Арабиясы Корольдігінің Сыртқы істер жөніндегі мемлекеттік министрімен кездесті
АСТАНА. 28 сәуір. ҚазАқпарат - Эр-Риядта Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Қайрат Омаров Сауд Арабиясы Корольдігінің Сыртқы істер жөніндегі Мемлекеттік министрі Низар Маданимен кездесті, деп хабарлады ҚР СІМ баспасөз қызметі.
Кездесу барысында ҚР Сыртқы істер министрі Е.Қазыхановтың 2011 жылғы 28-30 маусымда Астанада өтетін Ислам Конференциясы Ұйымы Сыртқы істер министрлері кеңесінің 38-ші сессиясына қатысу үшін Сауд Арабиясының сыртқы саясат ведомствосының басшысы әмір Сауд әл-Фейсалға жолдаған ресми шақыруы табыс етілді.
Қ.Омаров жиын барысында Ислам Конференциясы Ұйымына төрағалық лауазымын ресми түрде қабылдайтын Қазақстанның аталмыш шараға ерекше мән беріп отырғанын атап өтті. Сауд тарапына басты халықаралық мұсылман ұйымына Қазақстанның төрағалығы кезеңіндегі қызметінің басым бағыттары таныстырылды. Сонымен қатар, Арнайы өкіл сауд дипломатымен ИКҰ сыртқы істер министрлерінің Астанадағы кездесуі қарсаңында өте маңызды болып саналатын тақырып - араб әлеміндегі соңғы оқиғалар аясындағы халықаралық және өңірлік саясатқа қатысты өзекті мәселелер жөнінде консультациялар өткізді.

Өз кезегінде Мемлекеттік министр қазақстандық дипломатқа шақыру үшін алғыс айтып, алдағы Ислам Конференциясы Ұйымының Сыртқы істер министрлері кеңесінің 38-ші сессиясына Корольдіктен жоғары деңгейде делегация қатысатындығына және аталмыш ұйымның төрағасы мансабындағы Қазақстанның барлық бастамаларына қолдау білдіретіндігіне, сонымен қатар Астаналық форумды өткізу үшін ұйымдастырушылық және техникалық көмек көрсететіндігіне сендірді. Низар Мадани Қазақстанның халықаралық беделінің, оның білгір де сауатты сыртқы саясатының, сондай-ақ Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы сияқты ірі халықаралық құрылымдарды басқарудағы бай тәжірибесінің арқасында аталмыш іс-шара табысты және жемісті өтетініне сенім білдірді.
Сондай-ақ, кездесу барысында екіжақты ынтымақтастық мәселелері де кеңінен талқыланды. Қ.Омаров еліміздің Ислам Конференциясы Ұйымына төрағалығы жылы Қазақстанның Сауд Корольдігімен қарым-қатынасын стратегиялық әріптестік деңгейіне көтеруге деген талпынысын білдірді.
Өз тарапынан Низар Мадани Саудияның сыртқы саясатында Қазақстанның ерекше орын алатындығын және екі ел арасындағы өзара сенім мен ынтымақтастық деңгейінің жоғары екендігін атап өтті. Оның айтуынша, Сауд Арабиясы Қазақстанды өзінің Орталық Азиядағы сенімді әріптесі ретінде қарастырады және барлық салалар бойынша өзара ықпалдастықты дамытуға ниетті.