Астана - Щучинск автожолында биыл ақы төлеу жүйесі енгізілетін болады - Көлік және коммуникация министрлігі
ҚазАқпарат - Бүгін Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрі Берік Камалиев Астана - Щучинск автожолында ақы төлеу жүйесін енгізу мәселесі бойынша отырыс өткізді, деп хабарлайды ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметі.
Автомобиль жолдары комитетінің төрағасы Замир Сағынов осы мәселе бойынша жасаған ақпаратында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітілген 2020 жылға дейінгі ҚР Стратегиялық даму жоспарында 2012 жылы республикалық маңызы бар жолдардың кейбір учаскелерінде ақы төлеу жүйесін енгізу қарастырылған.
Жобалау тобының жетекшісі Николай Асташев ақы төлеу жүйесі туралы ақпарат берді. Астана - Щучинск автожолында ақы төлеу жүйесінің жобасы учаскенің басы мен аяғында ақы алудың ашық жүйелі ақылы автожол ретінде іске асырылмақшы. Сондай-ақ, 5 ауданның шекарасында көлік құралдарының кіру-шығуын қадағалайтын видео бақылаулары бар 4 арка орналастырылады.

Ақыны алу пункттерін шептік бекеттерге жақын жерде орналастыру жоспарлануда. Автоматтандыру және ақылы жолды пайдаланушылардың операторлармен өзара қатынасын болдырмау мақсатында ақыны қабылдау терминалдары орналастырылып, ақшалай және кредиттік карточкалары арқылы да төленетін болады. Заңды түрде ақы төлеуден босатылған арнайы автокөлік құралдары деректер базасына енгізіледі және ақылы жолға өткенде автоматты түрде ашылады. Бұл автожолға жақын орналасқан ауыл тұрғындары ақы төлеуден босатылады. Мұндай ауылдардың саны 16, оларда 11 мыңнан астам адам тұрады және 2,5 мың автокөлік бар. Бақылау аркалары аудан шекараларында орналасады және мемлекеттік номерлік белгілер, жылдамдықты өлшеу құрылғысы және радио белгілерді санауыштар арқылы автокөлікті тану құрылғыларымен қамтамасыз етіледі.
16 мемлекеттегі ақылы жолдар бойынша жүргізілген сараптамаға сәйкес жеңіл автокөліктері үшін жолмен жүру ақысы 2-18 теңге шамасын құрап отыр. Қазіргі таңда қазақстандық талаптарға сәйкес жол жүру ақысының бағаларын есептеу әдістемесі жасалды. Ұсыныстар тиісті мемлекеттік органдарға келісуге жіберілді.
Отырыстың қорытындысы бойынша, министр Б.Камалиев автомобиль жолдары комитетіне жобаны жүзеге асыру кестесін дайындауға тапсырма берді.