Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 3599 0 пікір 29 Сәуір, 2011 сағат 00:18

Жыл соңына дейін Астана айналасындағы «жасыл белдеу» аумағына 36 мыңнан астам қылқан жапырақты ағаш отырғызу жоспарлануда

АСТАНА: 28 сәуір. ҚазАқпарат /Жасұлан Аманбайұлы/ - Жыл соңына дейін Астана маңындағы санитарлық-қорғаныс аумағында 36 мыңнан астам қылқан жапырақты ағаш отырғызу жоспарлануда.

Оның ішінде 6 мыңы тамыр жүйесі жабық талдар Ресейден әкелінбек. Бұл туралы бүгін Ақмола облысына жасалғанбаспасөз туры барысында «Астана орманы» мемлекеттік коммуналдық шаруашылығының бас агрономы Ардақ Хасенов мәлім етті.

«Дәстүрлі түрде отырғызылатын ағаштарға қарағанда, жабық тамырлы екпелерді егу тәсілінің бірқатар артықшылықтары бар», - дейді А. Хасенов. «Тасымалдау барысында мұндай екпелердің тамырлары өзінің ылғалдылығы мен тұтастығын сақтап қалады. Сондықтан олар жергілікті аймаққа 100 пайыз жерсініп, жақсы бейімделеді. Қайта отырғызу және тасымалдау кезінде біз олардың тамыр жүйесін зақымдау тәуекелінен арыламыз», - деп атап көрсетті ол.

Баспасөз туры барысында айтылғанындай, тамыр жүйесі жабық екпелер «Астана орманы» МКШ қызметкерлері арнайы парниктік шаруашылықта өсіріп шыққан. Тұқым былтыр күзде Германиядан әкелінген. Келесі жылы бізде жабық тамырлы екпе материалдары болады. Әзірше «Астана орманы» мұндай екпе талдарын Ресейдің Теньков тәлімбағынан алуда. Осындай жас ағаштардың әрқайсысы шаруашылық үшін  300 мың теңгеге түсуде. Алайда мұндай талдар өте жылдам өседі және жергілікті жерлерге ешбір қиындықсыз жерсініп кетеді. Мысалы бүгін «Астана орманы» шаруашылығының мамандары  «Сан Хуан» ағашының екпесін отырғызудың инновациялық әдісін таныстырды. Олар жылына 30 сантиметрге өсіп, 150-200 жылға дейін өмір сүреді.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1462
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3229
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5301