Жұма, 18 Қыркүйек 2026
4132 0 пікір 14 Желтоқсан, 2018 сағат 10:20

Еуроодақ Ресейге қатысты санкцияны ұзартты

Еуроодақ елдерінің лидерлері Ресейге қатысты Украина шығысындағы кикілжіңді ушықтырып отырғаны үшін, санкцияны ұзартуды мақұлдады. Бұл жөнінде Азаттықтың Еуропадағы тілшісі Рикард Йозвиак хабарлайды.

Мәскеу Минск келісімін орындамай отырғаны үшін санкция ұзартылды деп мәлімдеді Еурокеңес басшысы Дональд Туск. Сонымен бірге еуропалық билік өкілдері Ресей Украина заңдарын бұзып, сепаратистер бақылайтын аумаққа сайлау өткізуді қолдады деп айыптайды.

Еуропалық одақтың Ресейге қарсы санкциясы 2014 жылдан бері ұзартылып келеді. Санкция енгізуге себеп болған - Ресейдің Қырымды басып алып, Донбастағы сепаратистерге қолдау көрсетуі. Шектеуді әрбір жарты жыл сайын ұзартып келеді.

Ресей болса Украина шығысындағы кикілжіңге қатысын теріске шығарып келеді. Ал Қырымды аннексиялауын, "тарихи әділеттілікті орнаттық" деп атайды.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1290
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2848
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 946
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 886