Жексенбі, 22 Желтоқсан 2024
Жаңалықтар 5475 0 пікір 30 Сәуір, 2011 сағат 05:02

Алматы облысында қант қызылшасын себу аяқталып қалды

ТАЛДЫҚОРҒАН.  30 сәуір.  ҚазАқпарат  /Сандуғаш Дүйсенова/ -   Алматы  облысының Көксу ауданында «Қант  қызылшасы өндіру бағдарламасы» аясында      биыл  3 мыңға жуық гектарға     тәтті түбір   отырғызылады.

Көксу ауданы әкімінің  орынбасары Мәлік Бейсеновтың  айтуынша,   қызылша  себуде  Еңбекші және  Мұқаншы селолық  округтері алда келеді.   Шаруа қожалықтарының   ұстанып  отырған  стратегиялық маңызды   бірден-бір міндеті -  заманауи   технологияларға  ие   шетелдік инвесторларды  тарту болып    отыр.    Отандық   аграршылармен     ұзақмерзімдік  ынтымақтастыққа мүдделі   шетелдік     серіктестер  жоқ  та  емес.  Солардың бірі   -  бас директор Пицци Джиованни   басшылық  ететін  итальяндық  «AgrItalia Kazakhstan»   компаниясы.  Аталмыш компанияның мамандары   Мұқаншы селолық округінде    осымен екінші  жыл қатарынан  алдыңғы  қатарлы  еуропалық  әдістерді  қолдана  отырып,  қант қызылшасын   өсіру  жобасымен айналысып келеді.    Олар игеріп  отырған алқап  430 гектарды құрап  отыр.

Алматы  облысында   қант қызылшасы  себілетін  алқап   2012 жылға дейін   40 мың гектарға жеткізілмек.

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 1963