Жексенбі, 22 Желтоқсан 2024
46 - сөз 15785 81 пікір 28 Желтоқсан, 2018 сағат 13:24

Мұның арты революция боп кетуі әбден мүмкін!

Президент бірыңғай жиынтық төлемді 2019 жылдың 1 қаңтарынан енгізу туралы жарлыққа қол қойды.

Бұл шешімді өз басым билік осы күнге дейін алдына жан салмай, жарнамалап келе жатқан "экономиканы диверсификациялау", "үдемелі-инновациялық даму", "жұмыс орындарымен қамту" секілді жалған бағдарламарының артын ашқан құжат деп танимын!

Менделеев таблицасының үстінде отырып, қолда бар мүмкіндіктерді пайдалана алмай, 27 жыл ішінде халықтың көпшілігін жұмыспен қамти алмаған билік, міне, осындай арсыз әрі саяси тұрғыдан алғандай мүлдем жаупасыз қадамға барып отыр!

Жұмыссыздарға қол ұшын беріп, көмектесудің орнына өкімет оларды одан сайын қинап, талағысы келеді.

Мұндай "реформасымақты" мен онсыз да азып-тозып, ашынып отырған халықтың қалтасына қол салып, одан сайын ашу-ызасын келтіру деп санаймын!

Осы Жарлықты орындау барысында небір құйтырқылықтар орын алып, арты революцияға ұласып кетуі де әбден мүмкін! Өз күнін өзі көріп отырған халыққа тиіспей-ақ қоюы керек еді!

Әміржан Қосанның facebook парақшасынан

Abai.kz

81 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 1963