Жанаргүл Мұқатай. Соңғы аптаның көтерер жүгі ауыр
Облыс Әкімі Бердібек САПАРБАЕВ облыстық басқармалар мен мекемелердің, құқық қорғау органдары қызметтері басшыларының және қала, аудан әкімдерінің қатысуымен он-лайн режимінде селекторлық мәжіліс өткізді. Мәжілісте Мемлекет басшысы Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВТЫҢ өткен аптаның аяғындағы біздің облысқа жұмыс сапарының қорытындысы, еліміз тәуелсіздігінің 20 жылдығына байланысты атқарылар іс-шаралар мен 3-сәуір күні өтетін ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауына дайындық барысы туралы мәселелер қаралды.
Шығыста тағы бір бастама туды
Ең алдымен Елбасының өңірімізге жұмыс сапарын қорытындылап, осы маңызды оқиғаның ұйымшылдықпен, жоғары дәрежеде өтуіне өз үлестерін қосқан барлық сала басшыларына алғысын білдірген облыс Әкімі Бердібек САПАРБАЕВ Президенттің осы кездесуде Шығыс Қазақстан облысының алдына қойған тапсырмаларын да атап айтты.

- Мен Мемлекет басшысына өңірдің соңғы екі айдағы әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде баяндап бердім. Өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда барлық көрсеткіштер жоғары болды. Оның ішінде өңірде ерекше маңыздағы индустриялдық-инновациялық даму бағдарламасының сәтті жүзеге асырылып жатқанын жеткіздім. Индустрияландыру картасы бойынша ШҚ облысында 12 жоба жүзеге асырылып, жаңа өндірістерде 13 миллиард теңгенің өнімі өндіріліп, олардан бюджетке 1 миллиард теңге төлем түсті, 700-ге тарта жаңа жұмыс орындары ашылып отыр. Біздің облыста биылғы жылы тағы да 12 жоба жүзеге асады. Елбасы ол жаңа жобалардың бәрімен де танысып, тұсаукесерін көрді. Аймақтағы іргелі кәсіпорындар мен шаруашылық басшыларымен де кездесіп, тілдесті. Спорт сарайында өткен этномәдени бірлестіктер өкілдерімен кездесуде де бірлестіктер өкілдері тарапынан жақсы ұсыныстар айтылды. Шығыста тағы бір жаңа бастама көтерілді деуге болады. Облыстағы этномәдени бірлестіктер ұжымдарының ұсынған «Достық пен жаңа-рудың, бейбітшіліктің жол картасы» акциясы Халықтар достығы Ассамблеясында қолдау тауып, республика көлемінде іске асырылатын болады, - деген облыс Әкімі Мемлекет басшысының облыстың тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз етуге, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуге баса назар аударуға, азық-түлік бағасының қымбаттауына жол бермеуге орай берілген тапсырмаларынан туындайтын міндеттер мен мақсаттарды орындаудың жолдарын, бағыт-бағдарын талқыға салды.
Шығыс Қазақстанда шағын және орта бизнес қарқынды дамып, өндіріске инвестиция тарту көлемі артып келеді. Алда тұрған негізгі міндет - экономикалық дамуымызды бәсеңдетпей, өнімді еселей түсу. Облыс басшысы:
- Елбасының өзінің атап айтқанындай, облыста жылына 700 мың тонна сүт өндіріліп жатқанына қарамастан оның 20 пайызы ғана қайта өңдеуден өткізіліп отыр. Сүт өндіру көлемі жағынан алдыңғы орында тұрған облыс үшін бұл, әрине, өте аз. Президент өңірде ара шаруашылығын дамытуға да қолайлы жағдай бар екеніне назар аударды. Қазір бұл шаруашылықты өркендетуге облыстық бюджеттен, республикалық бюджеттен субвенция, дотация берілуде, - деп өз орын-басары Г.Пинчукке ауыл шаруашылығы саласындағы осы бағыттарды әрі қарай дамытудың шараларын жүргізу туралы тапсырма берді.