Алматы облысында жер сілкінісі болды, зардап шеккендер мен қаза болғандар жоқ
Алматы. 14 маусым. ҚАзТАГ – ҚР БҒМ сесмологиялық институтының мәліметі бойынша, 13 маусымда сағат 23-тен 17 минут өткенде Алматы облысында эпицентріндегі энергетикалық класы К=14,3 болған жер сілкінісі болды, деп хабарлайды ТЖМ.
Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласының солтүстік-шығыс бағытындағы 230 км жерде, координаттары: 44° 45' солтүстік ендік пен 78°49' шығыс бойлық болатын нүктеде болды.
Алматыда MSK-64 шкаласымен 3-4 балдық дүмпулер сезілді, Талдықорғанда 5-6 балл, ал эпицентірі - Текелі қаласында - 6-7 балл болды.
ТЖМ қаза болғандар мен зардап шеккендер болмағанын айтады.
Бұл ретте, «Сейсмология институты» ЖШС мәліметтері бойынша, 42°30”–44°00” солтүстік ендік пен 75°00”–80°00” шығыс бойлық координаттарымен шектелген Алматы болжам полигон территориясында, маусымның 11 мен 17 аралығында, Рихтер шкаласымен 5,5 магнитудалық (MSK-64 сейсмикалық шкаласымен 7 баллдық)жер сілкінісі күтілмейді.