Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3366 0 пікір 12 Мамыр, 2011 сағат 04:23

Рахат Мамырбек. Бюрократияны қайтсек жеңеміз?

«Шенеуніктер диктатурасы келе жатыр!» деп қатты мазасызданған неміс зиялысы М.Вебер ХIХ ғасырдың аяғында неміс халқының «күн тәртібіне» ұлтқа әбден жатбауыр дүниеге айналған бюрократияны тезге салу мәселесін қойды. Негізгі айтқаны - неміс халқы саясаткер мен шенеуніктің ара жігін ажыратуы керек. Ұлттың мақсаттары, мемлекет тұрпаты, қоғам салаларының даму бағыттары туралы ел алдында бәсекеге түсетін тұлғалар - саясаткерлер. Ал ұлт мәселесінен гөрі отырған креслосын ғана ойлайтын, өз қалтасын қамдайтындар -шенеуніктер. Мемлекеттегі ұсақ департамент пен облыс, аудан әкімшілктерін, ондағы бөлімдерді басқаратын осы шенеуніктің қалың «әскерін» бюрократия дейді. Вебердің өсиеті -ұлт билігінің ұшар басына (президент, үкімет, парламент, жоғарғы сот - бәрін жинақтап «истеблишмент» деп атайды) шенеуніктер шығып кетпеуі керек. Истеблишментке саясаткерлер ғана баруы тиіс.

Тарих тезінен өтіп, елдік үшін ауыр күрес жүргізіп келе жатқан Алаш жұртында неге ұлттық мемлекет емес, космополитсымақ ( адамзаттың ең озық қасиеттерін алса қанеки), ұлтқа бөгде құрылым орнап келе жатыр? Өйткені, мыңжылдықтарды қамтитын дәстүрге, халықтың рухани мұрасына мән беріп қарауға ебедейсіз бюрократия алаш билігінің ұшар басына қым-қуыт заманның кезінде (90-ж.ж) отырып қалды. Енді, міне, ұлттың орталық саяси сахнасында саясаткерлер мен шенеуніктердің орны ауысып тұр.

«Шенеуніктер диктатурасы келе жатыр!» деп қатты мазасызданған неміс зиялысы М.Вебер ХIХ ғасырдың аяғында неміс халқының «күн тәртібіне» ұлтқа әбден жатбауыр дүниеге айналған бюрократияны тезге салу мәселесін қойды. Негізгі айтқаны - неміс халқы саясаткер мен шенеуніктің ара жігін ажыратуы керек. Ұлттың мақсаттары, мемлекет тұрпаты, қоғам салаларының даму бағыттары туралы ел алдында бәсекеге түсетін тұлғалар - саясаткерлер. Ал ұлт мәселесінен гөрі отырған креслосын ғана ойлайтын, өз қалтасын қамдайтындар -шенеуніктер. Мемлекеттегі ұсақ департамент пен облыс, аудан әкімшілктерін, ондағы бөлімдерді басқаратын осы шенеуніктің қалың «әскерін» бюрократия дейді. Вебердің өсиеті -ұлт билігінің ұшар басына (президент, үкімет, парламент, жоғарғы сот - бәрін жинақтап «истеблишмент» деп атайды) шенеуніктер шығып кетпеуі керек. Истеблишментке саясаткерлер ғана баруы тиіс.

Тарих тезінен өтіп, елдік үшін ауыр күрес жүргізіп келе жатқан Алаш жұртында неге ұлттық мемлекет емес, космополитсымақ ( адамзаттың ең озық қасиеттерін алса қанеки), ұлтқа бөгде құрылым орнап келе жатыр? Өйткені, мыңжылдықтарды қамтитын дәстүрге, халықтың рухани мұрасына мән беріп қарауға ебедейсіз бюрократия алаш билігінің ұшар басына қым-қуыт заманның кезінде (90-ж.ж) отырып қалды. Енді, міне, ұлттың орталық саяси сахнасында саясаткерлер мен шенеуніктердің орны ауысып тұр.

Бюрократиясыз мемлекет болмайды. Белгілі бір салаға маманданған шенеунік керек. Сондықтан бюрократияны ұлт саясаткерлерінің белгілеген міндеттерін орындаушы, яғни, мемлекет жүйесіндегі екінші буын ретінде ұстай білу -ұлттық өнер. Нағыз реформаторлық дегеніміз -ұлттың жоғарғы билігі (истеблишмент) шенеуніктен таза болатын жүйе орнату. Әзірге ондай реформатор ұлт маңдайына жазылмай тұр.

Осының кесірінен елімізде дұшпаныңа да тілемейтін қоғамдық-саяси жүйе орнады. Ол «сенім мемлекеті». Барлық саяси қарым- қатынастар бір адамның сеніміне құрылады. Ол сенбеген адам қабілеті мен өз мамандығы саласында жеткен жетістіктеріне қарамастан, белгілі саланың басшылығына қойылмайды. «Сенім мемлекеті» дегенде әділ, өз ісіне адал адамға сену болса, бір адамның шексіз билігін терістегеніңізбен, шүкірлік етуге де болар еді. Өкінішке қарай, сенім мен күмән қазір парақорлық пен әділеттіліктің теке -тіресіне қарап туатын болды. Жүйедегі кісі ұялатын дүниелерді айтқан адамдар күдік тудырады да, жемқорлық режимнің ішінде еркін жүзіп жүргендер қолпашқа, көтермеге ілігеді. Осы құбылыс қазір ұлттық уайымға айналды.

Қазіргі ұлттық уайымның нақты пункттерін де көрсетуге болады.

Әуелгі жанға бататын уайым -мемлекетте заң беделінің болмауы. «Сенім мемлекетінде» құқықтық ережелер бюрократияға тиімді болса ғана сақталады, көп жағдайда сақталмайды. Мұндай жүйеде салалық өкілеттіліктер де бұзыла береді. Сенімді адам екенін дәлелдеп отыру үшін билеушінің бұйрықтары шенеунікке заңнан, қандай да бір құқықтық ережелерден жоғары тұрады. Бұл режимде бірінші басшының өзі де ешқандай заңға, Конституцияға тәуелді болмайды. Бізде ішкі істер министрі Бауыржан Мұхамеджанов «БАҚ туралы» заң жобасын жасап ұсынады. Ал бұқаралық ақпарат құралдарының еркін қызметін ұйымдастыруы тиіс ақпарат министрі (бұл министрліктің болуының өзі БАҚ құқықтарына қайшы) Ермұхамет Ертісбаев «Нұр Отан» партиясын жан-жақты насихаттайды. Керек болса, Қазақстанда барлық мәселеге араласып, дегенін істетуге құзырлы «президенттің жеке шаруаларын басқарушы» деген лауазым бар.

Қазақстан азаматтарының үстіне шенеуніктер диктатурасы орнап болды. Қарапайым азаматтың өтініш-арызын шенеунік заңнан бөлек, өз білуінше қарайды. Біреуге көзқарасы жақсы (туысы, тамыры) болуы мүмкін. Өкілеттілігін асыра қолданып, оның мәселесін шешіп берсе, біреуге келгенде заңды міндеттерін орындамауы, тіпті қарсы әрекет жасауы мүмкін. Қазақстан шенеунігі осыншама арсыздыққа қалай жетті? Қазіргі саяси дәстүрде қай мекеменің болсын бірінші басшысы өзіне «адал» адамдарды жинайды. Ол қызметкер парақор режимге қарсылығы жоқ, көнбіс адам екенін көрсеткен соң, қоғамнан да, Құдайдан да қорықпайтын «қазақстандық шенеунікке» айналады. Лауазымды жеке басының қызығына әбден пайдаланады. Мекеме оның меншігіне көшеді. Орнын жоғарғы жақтан «жанын жалдап» сатып алған шенеунік, халыққа мекеме көрсетуі тиіс заңды қызметтерді сатып, сауда жасайды.

Осындай бастан-аяқ бюрократиялық режим авантюралық капиталмен (заңсыз жекешелендірумен) байыған А.Машкевич, П.Шодиев, А.Ибрагимов, В.Ким, Н.Балғымбаев, М.Стил сияқты шикізат олигархтарын дүниеге әкелді. Бюрократия волюнтаризмі жағдайында авантюралық капитал өсе береді. Бірақ еуропалық типтегі технологиялы, тауарлы өндірістің, баянды бизнестің құқықтық жүйесі жасалмайды. Мызғымас құқықтық  кепілдіктердің болмауы, бюрократияның бассыздықтары мемлекет экономикасын жартылай жабық қалыптан шығармайды. Қазірдің өзінде М.Әбіләзов, Б.Өтемұратов, Б.Әбілов сияқты алып немесе орташа кәсіпкерлер ( ірі капиталды бұлардың қалай тапқаны бөлек әңгіме) өзінің қаржысын шетелге шығарып, әкетіп жатыр. Қазіргідей бюрократия құтырып тұрған кезеңде ұзақ мерзімде қалыптасатын баянды өндіріске ірі кәсіпкерлер қаржы салуға құлықсыз. Бұл да болашаққа қатысты ұлттық қайғыны тудырады.

«Сенім мемлекеті» әділ саяси бәсеке ұрандарын көтеріп шығатын саяси тұлғаларға қатысты тек қуғындаушы, жазалаушы бағыт ұстанады. Және ішкі тұтастығы бүлінбесе, өзі ешқашан жазаланбайды. Бюрократия осы уақытқа дейін істеген бассыздықтары үшін тиісті жазасын алуы керек еді. Бұл -ұлт болудың, мемлекет болудың іргелі принципі. Ешқандай заң бұзушылық  жазасыз кетпеуі керек. Елдегі тұрақтылық сонда ғана қалыптасады. Қазір саяси тұрақтылық бар деп айта алмаймыз. Сондықтан өркениетті мемлекетке қол жеткіземін деген ұлт әділет туын көтеріп шыққан саясаткер тұлғалардың маңына топтасуы тиіс. Алайда оппозицияда ұлтқа сүйкімі артып тұрған, аса беделді тұлға бар ма? Біздіңше, олардың қатарында ондай ірі тұлға көрінбейді. Қалыптасып келе жатқандарының тағдыры көз алдарыңызда  өтті. Билеушінің жеке сеніміне құрылған қазіргі саяси қарым-қатынастар заманында бюрократиялық алып машина ондай «бөгде» тұлғалардың шығуына жол бермейді. Бұл да ұлттың үлкен проблемасына айналып барады. 2004 жылғы парламент сайлауының нәтижесін мойындамаған, телевизия  саласындағы монополияға қарсы күрескен А.Сәрсенбайұлының, Қазақстандағы жемқорлыққа қарсы комиссия құрған З.Нұрқаділовтың өлімі,  ҚДТ-ны құрған М.Әбіләзовтың түрмеден өкпесі қабынып, Ғ.Жақияновтың жуасып шығуы қазіргі бюрократияның саяси бәсекеге төзбейтінін, саяси бәсекеден қашу үшін қандай шараларға баратынын көрсетті.

Заңсыз бюрократия үшін парламенттің әлсіз болғаны қажет. Реті келсе парламенттің болмағаны жақсы. Заңсыз дейтініміз адамзаттың қазіргі өлшемдері бойынша, сайлау нәтижесін бұрмалау саяси қылмыс саналады. Парламент ұлттың ар-ожданы болуы тиіс еді. Бірақ ол да қазір бірпартиялы бюрократиялық органға айналды. Сөйтіп, бізде «бірпартиялық» бюрократияның соңғы нүктесі қойылды. Бұған қоса, кейінгі саяси оқиғалардан кейін (Конституцияның өзгеруі және соңғы өткен мәжіліс сайлауы) Қазақстандағы конституционализм де тығырыққа тірелді. Мәселен, Ресейде орыстың, ондағы басқа халықтардың үстінен шексіз билігін жүргізіп отырған бюрократияның құдіреті біздегіден кем емес. Бірақ В.Путин Конституцияны өзінің жеке басының мақсаттарына бола құрбандыққа шалмайтынын, үшінші рет президенттік сайлауға түспейтінін мәлімдеді. Конституцияшылдық -кез келген халықтың, мемлекеттің принципті мәселесі. Парламент пен Конституцияны футбол добы құсатып ойнайтын біздің бюрократияның ең шектен шыққан үш әрекеті тәуелсіз тарихымызға түскен қара дақтар - әуелі, саясаткерлердің өлімі, кейіннен Конституцияның бір адамға бейімделіп өзгертілуі, қазіргі бірпартиялық парламент.

Ежелден бюрократиялық тоталитаризмнің жауы - саяси партиялар. Біздегі қолдан құрылған, бірен-саран оппозициялық партиялардың көрген күні белгілі.

Ұлтымыздың қазіргі уайым-қайғысын қалыңдата түсетін шоң бюрократияның тағы бір әрекеті ел ішінде әділет орнатады деген сот жүйесін заң жағына емес, өз жағына шығарып, бағындырып алуы. Тәуелсіз Қазақстан тарихында болған көптеген соттар үкіміне теңеу табу қиын. Басқа сорақы процестерді  айтпағанда, баспанасын қорғап шырылдаған «Шаңырақ» тұрғындарының алдына түсіп, полициямен қақтығысқа араласқан Арон Атабекке, басқа да азаматтарға бюрократияның әмірімен тым ұзақ абақты мерзімі кесілді.

Осындай жағдайда ең қиын мәселе - қазақтың байырғы жерінде ұлттық мемлекет құрылмақ түгілі, қазіргі бюрократия қоғам мақсаттарын басқаша анықтап, космополиттік құрылымның орнап жатқандығы. Оның бір ғана себебі - бізде министрлерден бастап, барлық  деңгейдегі лауазымды адамдар орындаушылар ғана. Ал саясаткер дегеніміз қоғамға балама бағыт ұсынатын, өз идеясы үшін талмай күресетін, халықпен серттесуге, тіпті сол үшін өзінің функционерлік қызметінен бас тартып, таза саяси қозғалысқа кетуге даяр тұлға. Қазір саяси идеяларын үкіметке орындатып, мемлекет, қоғам бағытын (бұл бағыттың мазмұны белгілі) анықтап отырған бір ғана саясаткер бар. Ол - Н.Назарбаев. Ал үкімет басшысы К.Мәсімовті, оның орынбасарлары - Ө.Шүкеев пен Е.Орынбаевты, министрлер - А.Есімовты, З.Балиеваны, Е.Ертісбаевты, Ғ.Оразбақовты, қайсысын алсақ та өзінің саяси стратегиясын көтеріп шығатын, ұлттық зиялы элита мен халықты маңына шоғырландыра алатын саяси тұлға деп айта алмаймыз. Түгелі дерлік - ақ жағалы шенеунік. О.Сүлейменов орыс тілінің, қазіргі тұтасқан бюрократияның шашбауын көтеріп кетті. М.Шаханов, С.Елубай, Д.Исабеков сияқты жазушыларымыз ұлт мәселесін президенттің көзіне айтып көрінгенімен, халық арасында «етек-жеңі» анық саяси ағым тумады. Бұл адамдардың қолында саясатқа қажетті қаражат болмай тұр.

Осындай жағдайда ұлттың И.Тасмағамбетов туралы әңгімеге аз-маз елтитіні қазір белгілі. Қазақтілді зиялы қауымның да ашық білдірмегенімен, бүйрегі бұратыны байқалады. Мемлекеттің сыпыра космополит бағытынан оңашалау ұлттық бағдары әлде қайда анық. Бұл саясаткерге тән белгі. Және бұл - И.Тасмағамбетов тұлғасына қатысты ұлт санасында қалыптасып үлгерген саяси стеоретип.

Кез келген саясаткер қалыптасуы үшін оның тұлғасымен халық арасында байланыс орнауы керек. Ғылым тілінде оны «харизма» дейді. Яғни, тұлғаның ұлт алдындағы сүйкімі. Ол үлкен саяси «құлаштармен», батыл мәлімдемелермен, тұрақты бағытпен, тартымды, жинақы бейнемен қалыптасады. Кейде тұлғаның өрескел қателіктерін халық осы сүйкімі үшін кешіріп те жатады. Осындай харизмалар бәсекесі мемлекеттің ұлттық дамуын жаңа сапаға шығаруы мүмкін. Ол үшін бюрократия монополиясын халық немесе саясаткер тұлға тер төгіп бұзуы қажет.

Бюрократияны Еуропа біртіндеп, халықтық қозғалыстардың тегеуріні арқасында жеңді. Яғни, плюралистік демократияны, жоғарғы билігі 8-10, кейде 4-5 жыл сайын ауысып тұратын республикалық басқару жүйесіне өтті. Басты принцип - әділ сайлау өткізу. Сонда парламент, үкімет түрлі саяси партиялардың әділ бәсекесі жолымен құралады. Осы кезде ғана шенеуніктер бассыздығы әжептәуір тоқтайды. Кәсібіне, мемлекет заңдарына қарайтын дұрыс бюрократия өмірге келеді. Шенеуніктің адамгершілігінің оянуынан емес, ауысып тұратын биліктің шенеунікке деген көзқарасының «болжаусыздығынан». Өйткені, әр түрлі партиялардан құралған, өз ішінде бәсекелес, халық таңдауына тәуелді ұлттық истеблишмент келесі сайлаудан өту үшін шенеунікті өзінің заңды міндеттеріне оралтады. Монополист билеушінің сеніміне кіру мәселесі күн тәртібінде бүгінгідей аса маңызды мәселе ретінде тұрмайды. Заңнан да құдіретті «Президенттің жеке шаруаларын басқарушылар» ( Болат Өтемұратов, Владимир Ни) да болмайтын еді. Олигархияңыз да саясаткерлердің, жоғары мәртебелі парламенттің тексерісіне түсіп кетпес үшін екі шоқып, бір қарайтын болады. Кез келген ұлт диаспорасына да мұндай мемлекетте тұрған ұнайды.

Бюрократия өзінің шын орнын тапқан кезде ұлт үшін сайлау нәтижесінде шығатын пайыздардың маңызы артады. Мәселен, Кучма бюрократиясын халық болып таратып жіберген Украинада өткен жолғы Жоғарғы рада сайлауында аймақтар партиясы 34,ЮТБ 31, Ющенконың партиясы (президент партиясы!) 14 пайыз дауыс алды. Польшада елді соңғы 4-5 жыл билеген ағайынды Качинскийлер партиясы жеңіліп, Дональд Туск партиясы 40 пайыздан бөліскен бірнеше саяси күштерден тұрады. Есесіне, бұл елдерде бірпариялық бюрократия монополиясы, осы монополияның буына есірген «қазақстандық шенеуніктер» жоқ. 91,88 деген «жалпақ» пайыздар келмеске кеткен.

Қазақстанға қалайда тұтасқан бюрократияны жеңу үшін белгілі бір өткелден өту керек. Бұл өткел - басқадан гөрі, әділ сайлау болғаны жақсы еді.

«Жас қазақ» газеті

9 қараша 2007 жыл

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1483
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3255
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5507