Сәрсенбі, 14 Мамыр 2025
3779 0 пікір 1 Ақпан, 2019 сағат 12:49

Еліміздің солтүстігінде қызылшаға шалдыққандар саны артты

Солтүстік Қазақстан облыстық қоғамдық денсаулықты сақтау департаментінің дерегіне сәйкес, жыл басынан бері облыста 36 адам қызылша ауруына шалдықты деген күдікпен тіркелген. Олардың 24-і - 14 жасқа дейінгі балалар, ал 12-сі - ересектер.

Департамент дерегінше, қызылша күдігімен тіркелген 36 адамның 83 пайызы, яғни 30 адам қызылшаға қарсы екпе алмаған.

Ал зертханалық дәлелмен нақты қызылша диагнозы 22 адамға қойылған. Оның ішінде 13 науқастың жасы 14-ке толмаған, 9-ы ересектер арасында тіркелген.

Департаменттің ресми дерегіне сәйкес, 2018 жылы облыста бір ғана адам қызылшаға шалдыққан.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Алтын сандық

Бауыржан Омарұлы 2418
Білгенге маржан

Сертіне берік самурай...

Бейсенғазы Ұлықбек 4084