Сенбі, 23 Қараша 2024
4086 3 пікір 4 Ақпан, 2019 сағат 10:18

ІІМ: Қытай мен Өзбекстаннан заңсыз ағылған миграция каналын тоқтаттық

Қазақстанның ІІМ қылмыстық полициясы Қытай мен Өзбекстан азаматтарын заңсыз өткізумен айналысатын қылмыстық топты ұстағанын мәлімдеді.

«31 қаңтарда өткізілген арнайы операция нәтижесінде Шымкенттегі Жауапкершілігі шектеулі серіктестік (ЖШС) аумағында Қытайдың 73 азаматы мен Өзбекстанның 137 азаматы ұсталған», – деп хабарлайды ІІМ баспасөз қызметі.

Министрліктің мәліметі бойынша, Қытай азаматтары Қазақстан аумағына транзиттік әуе рейстерімен келіп, қалып қойған. Қазір оларды еліне қайтару мәселесі шешіліп жатыр.

Заңсыз миграция каналын Қытайдың екі азаматы мен Қазақстанның бір азаматы ұйымдастырған. Олар серіктестікті басқарып келген. Ұсталған күдіктілерге қарсы сотқа дейінгі тергеу ісі жүріп жатыр.

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5362