Дүйсенбі, 30 Қыркүйек 2024
3231 4 пікір 4 Ақпан, 2019 сағат 11:22

Қазақстандықтар қай әндерді жиі тыңдайды?

«Яндекс.Музыка»  қазақстандықтардың қайталап жиі тыңдайтын әндерін анықтады.

Үздік 20 композициның ішінде бірінші орында, тыңдарман ең көп қайталап қосқан - рэпер MATRANG-тің  «Медуза»  әні. Ал одан кейін қазақстандық рэпер Jah Khalib-тің  «Медина» трегі тұр.

Ал Қазақстанда әндерін  жиі тыңдайтын үздік 10 орындаушының тізімі мынадай:

  1. Jah Khalib
  2. Imagine Dragons
  3. Скриптонит
  4. LOBODA
  5. Мот
  6. XXXTentacion
  7. Егор Крид
  8. Miyagi & Эндшпиль
  9. Элджей
  10. HammAli & Navai «Яндекс. Музыка» сарапшылары статистиканы зерттеп, орыс тілді орындаушылар көп тыңдалатынын анықтады.

«Алматылық сервис қолданушысы рэпер KUKOYAKA-ның «POOPIN» трегін бір жылда 901 рет, ал Астаналық қолданушы НАZИМЫ & Тиматидің «2000»  әнін 374 рет тыңдаған. Алматыда екі адам Quest Pistols тобының өнерін қайталап қосқанды жақсы көреді:  бірі «Непохожие»  әнін 862 рет, екіншісі «Революцияны» 475 рет тыңдаған», - деп хабарлады сарапшылар.

Дереккөз: turkystan.kz

Abai.kz

4 пікір