Сенбі, 23 Қараша 2024
3885 4 пікір 7 Ақпан, 2019 сағат 10:12

Сот "ҚДТ ісі" бойынша айып тағылған Айгүл Ақбердиеваны ақтады

6 ақпанда Ақтау қалалық соты Қазақстан билігі тыйым салған "Қазақстанның демократиялық таңдауы" (ҚДТ) қозғалысының Telegram чатындағы жазбалары үшін "билікті құлатпақ болды" деп айыпталған Айгүл Ақбердиеваны ақтау туралы шешім шығарды.

Бұл туралы Азаттыққа Ақбердиеваның адвокаты Жанар Сүндетқалиева хабарлады.

- Сот Ақбердиеваның іс-әрекетінде қылмыстық құрам жоқ деп тауып, оны толық ақтады және бұл іс бойынша сот дейінгі тергеу жүргізген полиция қызметкерлеріне қатысты жеке ұйғарым шығарды, - деді ол.

Адвокаттың сөзінше, егер прокурор қарсылық білдірмесе сот үкімі 15 күннен соң күшіне енбек.

Бұған дейін Айгүл Ақбердиева соттағы соңғы сөзінде кінәсіз екендігін, айыбын мойындамайтынын мәлімдеген еді. Прокурор судьядан Ақбердиеваны айыпты деп танып, бас бостандығын бес жыл мерзімге шектеу жазасын тағайындауды мұраған болатын.

39 жастағы Айгүл Ақбердиеваның үстінен қозғалған қылмыстық іс бойынша сот 2018 жылы 24 қыркүйекте басталған. Соның алдында Ақбердиеваның күйеуі 45 жастағы Абловас Жұмаев та ҚДТ чатындағы жазбалары үшін "әлеуметтік алауыздық тудырды", "билікті күштеп құлатпақ болды" деп айыпталып, сот оны үш жылға бас бостандығынан айырған. 2018 жылы 5 желтоқсанда Маңғыстау облыстық апелляциялық соты үкімді күшінде қалдырған.

Ерлі-зайыпты Жұмаев пен Ақбердиева өздеріне тағылған айыптың саяси астары бар деп санайды.

2018 жылғы 13 наурызда Астана соты бас прокуратураның арызымен шетелде тұратын бұрынғы банкир әрі биліктің сыншысы Мұхтар Әбілязов басқаратын ҚДТ қозғалысын "экстремистік" деп танып, Қазақстан аумағында тыйым салған. Содан бері осы қозғалыстың жақтастарына қарсы бірнеше қылмыстық іс қозғалған еді.

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3235
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5364