Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2302 0 пікір 14 Мамыр, 2011 сағат 17:21

Жұмамұрат Шәмші. Көгілдір экранның кері әсері

Бұл мәселе бұған дейін де айтылған. Тіпті, жауыр болған тақырып дейтіндер бар. Алайда көгілдір экранның «жемісін» күн өткен сайын баламыздың бойынан көргесін бейжай қарай алмай, бұл тақырыпқа қайта оралады екенсің. Зерттеушілер телеарнаның адамға беретін пайдасынан гөрі, келтірер зияны көбірек екенін, мәдени-рухани құндылыққа қарсы бағытталған жойқын жорығын айтып, дабыл қағып отыр. Олардың айтуынша, көгілдір экран адамды байқалмайтын стресс жағдайында ұстайды екен.

Бұл мәселе бұған дейін де айтылған. Тіпті, жауыр болған тақырып дейтіндер бар. Алайда көгілдір экранның «жемісін» күн өткен сайын баламыздың бойынан көргесін бейжай қарай алмай, бұл тақырыпқа қайта оралады екенсің. Зерттеушілер телеарнаның адамға беретін пайдасынан гөрі, келтірер зияны көбірек екенін, мәдени-рухани құндылыққа қарсы бағытталған жойқын жорығын айтып, дабыл қағып отыр. Олардың айтуынша, көгілдір экран адамды байқалмайтын стресс жағдайында ұстайды екен.

Психологтар телеманияны есірткі, ішімдік секілді теріс әдеттермен қатар қоюға болады деген қорытынды жасады. Бұған қоса, зерттеушілер теледидардың танымдық, тағылымдық әсерінен гөрі, көрерменге бағытталған эмоциялық соққысы басым дейді.
Бақылау нәтижесінде, үш аптадан кейін адамның теледидар арқылы көрген білімі құмға сіңген судай жоғалған, ал көңіл- күйіндегі әсер қаз-қалпында қалған. Мұндай ғылыми тұжырымдарды тізіп, айтып шығуға болады. АҚШ түрмелеріндегі қылмыскерлердің 65%-ы экран кейіпкерлеріне еліктеп заң бұзғандығын, ал 25%-ы ұрлық пен бейбастақтықты үйреткен «телеұстаздарына» алғысы шексіз екендігін айтады. Жапонияда покеман қалталы құбыжықтар жайындағы мультфильмнің бір сериясының көрсетілімінен кейін қояншық ауруы ұстаған 625 бала ауруханаға түсіпті.
Алысқа бармай-ақ, біздің елде жаңағыдай мультфильмдерді көріп алған жеті жасар Айғаным алты айлық інісін бесінші қабаттан тастап жібергенін немен түсіндіреміз? Бала туа сала бұзылмайды. Жаман әдетті көріп, біліп, естіп, еліктеп бұзылады. Экранда көргені атыс-шабыс, ұрыс-керіс, қатыгездік әпербақан ұр да жық көрініс көбейіп кетті.
Біздің ғалымдар 2010 жылғы қорытынды бойынша, ТМД елдері арасында Қазақстанда Ресейден кейінгі екінші орында 20 жасқа дейінгі балалар арасындағы суицид санының күрт өсуін айтып және бұған экранның көп әсер ететіндігін жанұшыра жеткізуде. Қазақстанда өз-өзіне қол жұмсаған 18 жасқа дейінгі жасөспірім саны бір жылда 870, ал бұл қадамға талпыныс жасағандар саны 1296-ға жеткен.
Вашингтон университетінің ғалымы Фредерик Циммерман 1500 баланы 3 жастан 12 жасқа дейін бақылай келе, теледидарды төрт сағаттан аса қарайтындардың бұзақы болу ықтималдығы 30 пайызға артатындығын дәлелдеген. Одан тыс, ересектер арасында да, күнұзағына теледидар көретіндер, бұзақылық әрекеттерге бару етек алыпты. Катар мемлекетінің аты шулы «Әл-Жазирасы» 2005 жылдан бастап жер серігі арқылы таратылатын шетелдегі арабтарға арналған 50 пайызы араб продюсерлерінің өнімдерімен жабдықталған JCC арнасын ашқан. Израиль де қалыс қалып жатқан жоқ, оның ВАВY TV телеарнасы да дүниежүзі бойынша таралады. Жапонияға келсек, онда ұлттық білім берудің теледидар жүйесі қалыптасқан. Ағылшындардың Лондонда балалар телеарнасының ашылғанына 65 жыл болды.
Сондай-ақ Канада, Австралия, Финляндия, Швейцария, Дания, Қытайда да балаларға және ересектерге арналған телеарналары бар. Ресей де қол қусырып отырған жоқ. 1-қаңтардан бастап 165 елге таралатын «Карусель» және «Улыбка ребенка» балалар телеарналары ашылды. Көште қалған ешкім жоқ. Ал, бізде балаларға арналған жуырда ашылған «Балапан» бағдарламасының өзі сын көтермейді, деңгейі төмендеу. Қазақы мультфильмдер жайы тіптен бөлек әңгіме. Әрине, елімізде бақаның да балық болып жүргендігі сондықтан.
Мәселен, Азиаданың ашылу салтанатын теледидардан тікелей эфирден тамашалағанда әнші Мадина Садуақасова мен актер Досжан Жолжақсынов және Диас деген жігіт сөйлеп отырды. Үшеуі бір-біріне сөз бермейді, оны сауатты бір-ақ адам сөйлесе де, жетіп жатыр, қабаттаспай, жағаласпай, біресе орысша, біресе қазақша жүнін жұлған тауықтай әйтеуір өткізді.
Қазір қай телеарнаны ашып қарасаң да зорлық-зомбылықтан көз ашпайсың. Сол ақпарат құралдарының тәрбиесін көріп өскен балалардың өзі жиырма жасқа келді. Ертең олар бізді ауыстырғанда ұлт үшін күреспейтін, мемлекет үшін тұяғын қимылдатпайтын дүбәра, мәңгүрт, немкетті ұрпақ бола ма деп қорқамын.
Онда қазіргі аға буын тырбаңдап жинаған дәулет, рухани қазына, байлық, бүгінгі жасалып жатқан игілікті істердің барлығы желге ұшады. Елімізде 10 телеарна бар, саны бар сапасы сын көтермейді, басын біріктіріп 1 телеарна 24 сағат тек қазақша сауатты, жан-жақты, ауқымды хабар таратса игі.
Қытайдың өзінде 24 сағат қазақша сөйлейтін төрт телеарна бар, тәуелсіздігіне 20 жыл болған Қазақ елінде 24 сағат бір телеарнаның ашылмауы өкінішті-ақ, өз жерінде отырып, рухани ергежейлігін аңғартса керек. Орыстар Еуропалықтардан үйреніп, «Две звезды», «Давай поженимся», «Наша Раша» деп еді, біздікілер көріп алып «Екі жұлдыз», «Жар-Жар», «Наша Казаша» деп қайталап жүр.
«Ел арна» мен «31 арна» қайсы елдің телеарнасы екенін түсінбейсің? Қазақшасынан орыс-шасы басым, тіпті қарның ашады. Кім үшін, не үшін екені белгісіз? Өзгенің ойлағанын айнытпай шайнап қайталайды.
Дереу мемлекеттік, парламенттік, үкіметтік деңгейде ұрпақ тәрбиесіне қасірет әкелетін БАҚ-тағы көріністерге тоқтау салып, бақылау орнату қажет. Онсыз біз ел бола алмаймыз...

Жұмамұрат ШӘМШІ,
тарих ғылымдарының кандидаты

«Үш қиян» газеті

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1490
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5550