Көкшетау, Қарағанды, Павлодар қалалары мен Шығыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарының мектептерінде сабақ тоқтады. Астанада бірінші ауысымда оқитын мектеп оқушылары мен колледждердің бірінші курс студенттері бүгін сабаққа бармайды.
Ауа райының бұзылуына байланысты бірнеше аймақта жолдар жабылған. "Қазавтожол" республикалық кәсіпорыны Павлодар облысында жолдар жабылғанын хабарлады. Астанадан барлық бағытқа шығатын жолдар да жабық тұр. Ақмола, Шығыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарында қоғамдық және дизель көліктерінің қозғалысына шектеу қойылған.
Апта басында Қазақстан ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин суық циклонның әсерінен ауа температурасы күрт суып, қар жауып, бұрқасын болады деп ескерткен. «Қазгидромет» кәсіпорыны елдің он облысында қатты аяз болып, Шығыс Қазақстан облысында ауа температурасы -45 градусқа дейін төмендейтіні туралы ақпарат таратқан.
Abai.kz