Сенбі, 23 Қараша 2024
3523 1 пікір 11 Ақпан, 2019 сағат 09:58

Сириядағы АҚШ одақтастары ИМ-ге қарсы соңғы шайқасқа шықты

Құрама Штаттар қолдау көрсететін Сирия демократиялық күші (СДК) қарулы отряды сенбі күні "Ислам мемлекеті" (ИМ) террористік ұйымы бақылау жасайтын соңғы аймаққа шабуылды бастады.

Күрдтер отрядынан құралған СДК өкілі Reuters агенттігіне берген сұқбатында мұны ИМ-ге бағытталған соңғы шайқас деп атаған.

АҚШ жетекшілік ететін халықаралық коалиция күрд отрядына әуеден соққы беріп, қолдау көрсетеді.

ИМ Сирияның оңтүстік-шығысындағы Иракпен шекаралас Евфрат өзіне жақын шағын аймақты бақылауында ұстап отыр. Соңғы күндері бұл аймақтан 20 мың бейбіт тұрғын көшіп кеткен.

Екі жыл бұрын жиһадшылар оңтүстік-шығыстың барлық аймағын бақылауында ұстаған. Қазір оның жартысы Сирия үкіметінің, екінші жартысы СДК-нің бақылауына өткен.

АҚШ президенті Дональд Трамп алдағы аптада Сирия аймағын жүз пайыз ИМ-нен азат еткенін жариялаймыз деп сенім білдірген.

Трамп осының алдында Сириядан америка әскерін шығаруды бұйырған. Бұл шешім Конгресс сынына ұшырады. Ол жақтан әскерді алып шықсақ, ИМ Сирияға қайта шоғырлануы мүмкін деп қауіптенеді Конгресс өкілдері.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3241
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5394