Жұма, 18 Қыркүйек 2026
3924 4 пікір 11 Ақпан, 2019 сағат 10:03

Үкімет үйінде азаматтардың қоғамдық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері қаралды

Үкімет үйінде Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев елімізде қоғамдық қауіпсіздікті және құқық бұзушылықтардың алдын алу шараларын одан әрі қамтамасыз ету мәселелері жөнінде кеңес өткізді.

Кеңес барысында қоғамдық тәртіпті сақтау саласының қазіргі жағдайы және құқық бұзушылықтардың алдын алу шаралары қаралды. Ішкі істер министрі Қ. Қасымов ұрлықтарға қарсы іс-қимыл, тұрмыстық зорлық зомбылықтың және кәмелет жасына толмағандар арасында қылмыс істеушіліктің алдын алу, сондай-ақ қоғамдық тәртіпті сақтау және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады. Бұдан өзге, әкімшілік және қылмыстық іс жүргізу қызметіне цифрландыруды енгізуге көңіл бөлінді.

Мәселелерді қарау қорытындысы бойынша ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев тиісті мемлекеттік органдарға қылмыстылыққа қарсы іс-қимыл мәселелерін шұғыл шешуге мүмкіндік беретін қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша шаралар кешенін әзірлеуді тапсырды.

Түпнұсқа: primeminister.kz

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1310
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2874
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 966
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 902