Сенбі, 23 Қараша 2024
2811 1 пікір 12 Ақпан, 2019 сағат 10:28

Украинада президент сайлауына 44 адам қатысады

Украина билігінің мәліметі бойынша, наурызда елінде өтетін президент сайлауына рекордтық сан - 44 үміткер қатысады. Қазіргі президенті Петр Порошенко екінші бес жылдық мерзімге қайта сайланғысы келеді. Ол елін Еуропалық одаққа және НАТО-ға мүше болу үшін қолдан келгенін жасауға уәде етті.

Қоғамдық сауалнама нәтижесінде, 31 наурыздағы сайлауда қазіргі президенттің негізгі қарсыластары бұрынғы премьер-министр Юлия Тимошенко мен шоумен Владимир Зеленский болмақ.

53 жастағы Порошенко Украинадағы ең дәулетті адамдардың бірі. Ол билікке 2014 жылдың ақпан айындағы жаппай наразылық шарасынан кейін келді. Нәтижесінде сол кездегі президент Виктор Янукович елден қуылды.

Ол Батыспен интеграцияны жақтайды, Ресейдің Қырымды аннексиялауын ашық сынаушы.

58 жастағы Тимошенко 2004 жылғы "сарғылт революциясының" лидерлерінің бірі болған. 2014 жылғы президент сайлауында Порошенкодан аз дауыс жинап, жеңіліс тапқан.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5435