Сейсенбі, 1 Қазан 2024
2934 1 пікір 12 Ақпан, 2019 сағат 12:02

Бішкектегі банктер маңында тойға несие алмауға үндеген жазулар пайда болды

11 ақпанда түнде белсенді топ Бішкектегі банк ғимараттарының алдына "Тойго кредит алба!" ("Тойға несие алма!") деп жазып кетті.

Тұрғындардың қаржы сауаттылығы төмен дейді белсенділер. "Адамдар кәсіпке несие туырламайды, бірақ үйлену тойларына алады. Сосын қарызға батып, жастар несие жабу үшін шетелде қара жұмысқа жегіледі", - дейді белсенділердің бірі.

Идея авторлары бұл акция елдегі банк қызметіне қарсы бағытталмағанын ескертті.

Қырғызстанда үйлену тойларына көп адам шақырылады, сол себепті жастар немесе олардың ата-аналары несие туырлайды. Үкімет пен парламент мұндай үрдіске алаңдап, салтанатты кештерге шектеу қою туралы ұсыныстар жасап келеді.

2018 жылы Мәдениет, ақпарат және туризм министрлігі тойдың ең үздік сценарийіне байқау жариялады. Сол арқылы министрлік шығыны аз салтанатты кеш өткізу дәстүрін қалыптастырғысы келген.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар