Сейсенбі, 1 Қазан 2024
2828 0 пікір 12 Ақпан, 2019 сағат 12:09

Алматы қаласы әкімі аппаратының жаңа басшысы тағайындалды

Алматы қаласы әкімі аппаратының жаңа басшысы болып Жігер Қалиев тағайындалды. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Мемлекеттік қызметте едәуір тәжірибесі бар. Әр жылдары Ақтөбе облысы Экономика және индикативті жоспарлау Департаментінің, Жер қойнауын пайдалану және қоршаған ортаны қорғау басқармасының басшысы болған. Салық комитеті төрағасының Ақтөбе қаласы бойынша орынбасары қызметін атқарған.

2007-2016 жылдар аралығында «Нұр Отан» партиясы Орталық аппаратының кеңесшісі, бөлім меңгерушісі, директордың орынбасары, Ұйымдық-бақылау жұмысы Департаментінің директоры болып жұмыс істеген.

2016 жылдан Алматы қаласы әкімі аппараты басшысының орынбасары.

Айта кетерлігі, бұрындары Алматы әкімдігі трансформацияланған еді. Қазіргі кезде барлық басқармалар мен аудан әкімдіктерінің жұмыстары қайта құрылуда, процесстерді оңтайландыру, цифрлы технология мен корпоративті басқаруды енгізу, мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын жақсарту жүзеге асуда. Алты басқарма таратылып, олардың функциялары өзге құрылымдық бөлімшелерге берілді. Осының арқасында басқару және көмекші лауазымдар қысқарып, босаған орындар халықпен етене жұмыс істейтін басқармаларға беріліп,олардың жұмыстары күшейтілді.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар