Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2387 0 пікір 16 Мамыр, 2011 сағат 10:06

Серік Мәлеев. Артықбаев жайында және оған тағылған айыптар туралы бірер сөз...

«Ұйымдасқан қылмыстық топ құрды, қытайлық тауарлардың контрабандасымен айналысты, тіпті одан да өткен небір сұмдықтарға барды...» деп айыпталып, оны еліміздегі бүкіл телеарналар, электрондық және бұқаралық басылымдар жарыса хабарлап жатқан дәл қазіргі уақытта Алматы облыстық кедендік бақылау департаментінің бұрынғы басшысын қорғап сөз айту – азаматтық тұрғыда басыңды өлімге тігумен бірдей шығар... Әрі мұның қандай өлім екенін кез-келген кәсіпқой журналист жақсы білсе керек.

Сөйте тұра, мен өз мойныма мұндай жауапкершілікті алуға дайын екенмін. Өздігінен келе салмайтын мұндай күрделі шешімге мені итермелеген – қаламын тербеп, өзіммен қатар жүрген журналист-бауырларым, өзім жүрген өз ортам. Кәсібіміз ортақ болғаннан кейін кей мәселедегі пайымдарымыз да бір. Қаржы полициясы тарапынан жасалып отырған ақпараттық шабуыл ұзаққа созылғанына қарамастан, сырт көзге еш астары жоқ сияқты істің шын мәнінде өте күрделі екенін біздер ұғатын сыңайлымыз.

Бұл жерде Құрманбек Жуасұлынан алған бір сұхбатым есіме түсіп отыр. «Алматы облыстық кедендік бақылау департаментінің баспасөз өкілдеріне келгендегі қазіргідей ашықтығы не себепті жасалып отыр? Бұрын-соңды мұндай ашықтық болмаған еді ғой? – деген сұрағыма ол барынша шынайы жауабын берген еді:

«Ұйымдасқан қылмыстық топ құрды, қытайлық тауарлардың контрабандасымен айналысты, тіпті одан да өткен небір сұмдықтарға барды...» деп айыпталып, оны еліміздегі бүкіл телеарналар, электрондық және бұқаралық басылымдар жарыса хабарлап жатқан дәл қазіргі уақытта Алматы облыстық кедендік бақылау департаментінің бұрынғы басшысын қорғап сөз айту – азаматтық тұрғыда басыңды өлімге тігумен бірдей шығар... Әрі мұның қандай өлім екенін кез-келген кәсіпқой журналист жақсы білсе керек.

Сөйте тұра, мен өз мойныма мұндай жауапкершілікті алуға дайын екенмін. Өздігінен келе салмайтын мұндай күрделі шешімге мені итермелеген – қаламын тербеп, өзіммен қатар жүрген журналист-бауырларым, өзім жүрген өз ортам. Кәсібіміз ортақ болғаннан кейін кей мәселедегі пайымдарымыз да бір. Қаржы полициясы тарапынан жасалып отырған ақпараттық шабуыл ұзаққа созылғанына қарамастан, сырт көзге еш астары жоқ сияқты істің шын мәнінде өте күрделі екенін біздер ұғатын сыңайлымыз.

Бұл жерде Құрманбек Жуасұлынан алған бір сұхбатым есіме түсіп отыр. «Алматы облыстық кедендік бақылау департаментінің баспасөз өкілдеріне келгендегі қазіргідей ашықтығы не себепті жасалып отыр? Бұрын-соңды мұндай ашықтық болмаған еді ғой? – деген сұрағыма ол барынша шынайы жауабын берген еді:

Біздің елде кеденшілердің кәсібі – құқықтық жағынан ең қорғалмаған кәсіп. Кез-келген кеденшіге небір ауыр қылмыстарды таңа салып, құлақ естімеген сұмдықтарды жауып, айыптай салуға болады. Ал біздің қоғам бұған оп-оңай сене салады. Сол себепті мен журналистер қауымына бізде бар ақпарат ашық екенін көрсеткім келеді. Бізде біреуден жасырып қалатындай ешқандай құпия жоқ екенін жеткізгіміз келеді. Бұл жағдайда ашық болу – бізді ең қиын жағдайда қорғап қала алатын қорғаныс құралы.

Артықбаев дәл айтыпты. Бұл әңгімеден бері біраз уақыт өтіп кетіпті. Енді міне, ашық болуға шақырып шырылдайтын сын сағаты дәл менің де жеке басыма келгендей. Дәл қазір үндемей қалсам, қаймығып бұғып қалсам, кейін мені ұят пен ұждан азаптайтын сияқты. Өйткені Департаменттің осындай ашықтығының арқасында көптеген жазып-түсіріп жүрген журналист әріптестерім қазақстандық кедендегі жағдайдың қандай екенін менен кем білмейді.

Ақыл мен талант иесі

Құрманбек Артықбаев кім еді өзі?… Еңбек жолын Ішкі істер министрлігінде қарапайым қатардағы тәртіп сақшысы болып бастаған. Келе-келе полковник шеніне дейін өсті. Кеңседен әрі аттап шықпайтын жалқау офицер емес. Оңтүстік Қазақстан облыстық Ішкі істер департаментінің басшысы болып жүрген кезінде қылмыс әлемінің серкесі Жора Ташкентскийге құрық салған. Оның үстіне, Артықбаев авторитетті ұстап қана қоймай, асқан табандылықпен бұл істі сотқа дейін жеткізіп, атақты баукеспені темір торға тоғытып бірақ тынды. Осылайша тек қылмыс әлемінен ғана емес, сыбайлас жемқорлыққа батқан шенеуніктер арасынан да өзіне көп жау тапты.

Айтпақшы, тағы бір атышулы істі ұмыт қалдырып барады екенбіз. 2000 жылдың мамыр айында Алматыда «Тұран Әлем» банкінің инкассаторларына қарақшылық шабуыл жасалды. Сол кезде де Құрманбек Артықбаев бастаған тәртіп сақшыларының кәсіби шеберлігінің арқасында қарақшылар қылмыс ізі суымай жатып құрықталды.

Ал Құрманбектің милиция қызметінде бірге жүрген әріптестері оны өз ісіне шындап берілген маман, мықты ұйымдастырушы деп сипаттайды. Сондай әріптестерінің бірі айтқандай: «Жау минометтен оқ атқылап жатса да, Артықбаев оқ өтінде тұрып адамдарды ұйымдастыра алады». Бұл жай ғана әдемі сөздер емес, бұл оның бойындағы ақыл мен таланты мойындау болса керек.

Патшаға құл, жауынгерге әке

Артықбаев 2007 жылы Алматы облыстық кедендік бақылау департаментіне келгелі мұнда көп нәрсе өзгерді. Үлкен кадрлық тазалау жасалды. Құрманбек Жуасұлының өзі айтқандай: «Мен алғаш рет «Қорғасқа» келген кезде мынадай қызық оқиға болды. Сол жерге келгенде мен кезінде ұйымдасқан қылмыстық топтың құрамына кірген екі қызметкерді көріп қалдым. Мен оларды полицияда жұмыс істеп жүрген кезімде көрген едім. Мен оларды таныдым, олар мені таныды. Сол себепті олар бірден жұмыстан өз еркімен шығатыны туралы арыз жазды. Содан кейін мен оларды көрген жоқпын».

Сол жылы кеденнен біраз адам босатылды. Кеденге жұмысқа тұрғанға дейін қасапшы, шаштараз, сатушы болып жұмыс істеген, қысқасы күшейген кәсіби талаптарға сай келмесе де кеденші болып қызмет етіп жүргендер тегіс кетті. Олардың орнына Артықбаевпен бірге жұмыс істеген, кәсіби біліктілігін мойындатқан бұрынғы полицейлер келді. Бұл да біреуге соғыс ашқанмен бірдей еді. Осылайша күшейіп алған кеденшілер енді осыған дейін «Қорғас» пен «Қалжатта» тамыр жайып үлгерген қылмыстық схемаларды жоюға кірісті. Әрі бұл соғыста жеңісте жетті деп те айтуға болады.

Бұл соғыстың тағдырын шешкен шешуші қадам – кедендік рәсімдеу ісін «Қорғас» пен «Қалжатта» емес Алматының түбінде жүргізу жөніндегі шешім болды. Соның арқасында жүктердің кедендік рәсімделуін қадағалау күшейтілді. Ал «Қорғас» пен «Қалжат» бекеттері енді тек қана көлік өткізу орны болып қалды. Шыны керек, бұл да майшелпегінен айырылған кейбіреулердің көңілінен шыға қоймады. Әсіресе жоғары жақтағы кабинеттерде отырып, кеденнен көлеңкелі табыс алып отырған кей басшыларға ұнамады. Жаңа, күшті қарсыластарын Артықбаев осылай тапты.

Алматы облыстық кедендік бақылау департаментінде соңғы үш жылдан бері енгізілген барлық өзгерістер туралы екі-үш сөзбен жеткізу мүмкін емес. Оның ішінде көптеген жағымды өзгерістер болды. Мысалы, жүктердің Қазақстан бойынша жеткізілуін қадағалайтын электрондық пломбалар, кәсіпкерді бір кабинеттен екінші кабинетке сандалтпас үшін кеденнің «бір терезе» қағидасы бойынша жұмыс істеу тәртібіне көшуі, және тағы көптеген өзгерістер…

Департаментке Артықбаев келгелі кеден тірлігі оңала бастады десем, артық емес. Ең бастысы – ұжым ішіндегі ахуал түзелді. Артықбаев өз қарамағындағы қызметкерлер үшін «Патшаға құл, жауынгерге әке» сияқты болды. Сол үшін де қызметкерлері оны қатты сыйлайтын. Өзара әңгімеде тіпті «Шеф» немесе «Жуасович» деп те еркелете атап кеткен. Әрине, бұл басшы өзіне деген мұндай сыйға лайық еді, ол өз қарамағындағыларға қолынан келген көмегін аяған емес. Қатал, бірақ әділ басшы бола білді. Оның мінезіндегі осы қасиетін маңайындағылар еріксіз бағалайтын. Біз сөзбен айтқанда, Артықбаев – нағыз жігіт. Мен бұл жерде өз ойымнан ештеме қосып отырған жоқпын. Кез-келген кеденшіден сұраңыз, менің осы сөзімнің рас екенін дәлелдеп берер.

Шабуыл

Кедендік бақылау департаментінің өзінде қаржы полициясының бұл шабуылы мен одан кейін болған тұтқындауларды асқан әділетсіздік деп санайды. Кеденшілер не істерін білмей, абдырап қалған еді. «Құрманбек Жуасұлының Алматыдағы үш бөлмелі пәтері мен жалғыз ғана жеке көлігі бар – мұны енді заңсыз жолмен табылған мүлік деуге қалайша ауыз барады»? – деген таңданысын жасырмады аты-жөнін атауды жөн көрмеген департамент қызметкері. Бұл пікірді оның барлық әріптестері қолдайды, бұл істе күмән тудыратын нәрселер көп дейді.

Ал мен бүгінгі тергеулердің сыртында қалып қойған бірқатар жәйттерге тоқтала кеткім келеді.

Сәуір айының соңында Құрманбек Артықбаев ІІМ-нің резервіне ауыстырылды. Ол вице-министр лауазымына тағайындалуы тиіс еді. Бұған Құрманбек Жуасұлы қатты қуанған, «менің жан-тәнім әлі де милиционер болып қалған» дейтін. Оның ІІМ жүйесінде де тәртіп орнату бойынша көп жоспары болатын. Өйткені өткендегі Қалқаман ауылында болған оқиғадағыдай, қайдағы бір үш бандитті құрықтау кезінде ІІМ-нің «Сұңқар» арнайы элиталық бөлімшесінің үлкен шығынға ұшырауы дұрыс емес қой. Элиталық әскердің сұрқы осындай болса, онда қарапайым полицейлер қандай? Вице-министр Артықбаевтың жаңа қызметте министр Қасымовтың лайықты көмекшісі бола алатынына менің еш күмәнім жоқ...

Бірақ күтпеген жерден «Қорғас» пен «Қалжат» кеден бекеттеріне қаржы полицейлерінің 300 қызметкерінен құралған қалың топ сау ете қалады.

Олар «кеденде ұйымдасқан қылмыстық топ жүйесі әшкереленді, кеденшілер Қытайдан контрабандалық тауар тасымалдауға жол беріп, пысықай кәсіпкерлер ұсынған жалған құжаттарға көз жұма қараған» деп бірден дабырап, үлкен шу шығарады.

Ал менің бұл тексерудің дәл осындай уақытта, Артықбаев вице-министр лауазымына тағайындалатын кезде күтпеген жерден бола қалуы алаңдатады. Мұндай кездейсоқтыққа сену қиын. Мұндай мәселеде маған немістің романтик ақыны Шиллердің біз кездері жазып кеткен мына бір көзқарасы жақын:

«……бұл өмірде жоқ екен кездейсоқтық:

бізге соқыр сәйкестік боп көрінсе де,

іштегі бір қойнаулардан жарып шыққан».

Енді осы қойнауларда бұғып жатқан тапсырыс берушінің кім екенін білсек қой?

Ойландырып тастайтын тағы бір сұрақ, кеденді тексеру үшін полицейлердің мұншама қалың әскері не үшін керек болды? Бұл істі тындыруға он-шақты кәсіпқой маман да жеткілікті емес пе? Әлде бұл қалың бұқараны елең еткізуге бағытталған қитұрқы шара ма. Немесе, «қаржы полициясы кеденді тексеруге рота мен батальон болып келсе, онда кеденде бір былықтың бары рас» деген әңгіме болсын деді ме екен?

Тағы бір түсініксіз жері – сот болмай жатып-ақ кеденшілерге айып тағылды?! Жалпы, сотқа дейін олар қылмыскер емес, тек күдікті ретінде қалуы тиіс еді. Осы бір «театрлық қойылымда» актерлер өз ойынын тым әсірелендіріп жіберген сияқты.

Содан кейін, кедендік бақылау департаментінің жұмысын қаралаудың кеңінен ақпараттық қолдау тапқаны да таң қалдырады. Бірақ қанша қараласа да, бір елеусіз жайтты ешкім есіне алмапты. Осы кезге дейін бізге пара алып, сонымен қолға түскен ешбір кеден қызметкерін көрсеткен жоқ. Ал күдіктілердің айыбын дәлелдеу үшін алдымен осындай істі көрсетуі тиіс шығар.

Құрылған қақпан

Енді қаржы полициясы тарапынан Құрманбек Артықбаевқа тағылып отырған айыптардың мәніне тереңірек үңілетін кез келді. Формасы бойынша бәрі дұрыс сияқты, бірақ іс жүзінде – бұл айыптаулар ақылға тіпті сыймайды.

Өйткені жалған инвойстар мен солармен байланысты контрабанда дегеніміз не? Білмейтін оқырмандарға түсіндіре кетсем, мысалы сіз кәсіпкер болып, Қытайға жол тарттыңыз делік.Қытайда бір сатушыдан тауар алып, сол алған тауарыңыздың есеп құжатын (инвойс) алдыңыз. Бірақ тауарды шекарадан өткізерде кедендік төлемдерді азырақ төлеу үшін жаңағы сатушыңыздан тауар бағасының сомасын алынған шын бағасынан төменірек етіп жазыңыз деп өтінесіз. Мұндай әдісті қазір екінің бірі жасайды. Ал контрабанда фактісін дәлелдеу өте қиын.

Бұл жағдайда инвойс, (сатып алынған тауардың бағасы көрсетілген құжат) жалған болып табылмайды. Заңның бұзылғаны рас, бірақ құжат жалған емес. Сонда құжаттардағы қойылған қолдар мен мөрлер дұрыс бола тұрып, бекетте тұрған қарапайым кеденші бұл тауардың жасырын контрабанда екенін қайдан біледі?

Оның үстіне, «Қорғастан» кейде күніне 180-ге жуық жүк көлігі өтеді, оған «Қалжаттан» өтетін көліктерді қосыңыз. Егер осы көліктердің әрқайсысын тәптіштеп тұрып тексерсе, оған кеден қызметкерлерінің саны да, уақыты да жетпейді.

Мысалы, 2010 жылы кеденшілер жалған инвойспен 54 автокөлікті ұстады. Осы көліктер бойынша тексеру жарты жылға бірақ созылған. Әрине, егер күніне 180-200 көлік тексерілсе, әрбір көліктегі тауарды жерге түсіріп, сосын қайтадан тиес, онда әр көлікті тексеруге екі-үш тәулік уақыт кетсе? Онда кеденнің маңайы жүк пен тауарға толып кетер еді, ал кеденшілердің өзі жүкті түсіру мен тиеумен ғана айналысып кетер еді.

Оның үстіне, Қытайдан Қазақстанға қарай толассыз ағылатын көлік ағымын тоқтату құқығын кеденшілерге ешкім де бермейді. Жылдам бұзылатын тауарлар (қияр, алма қызанақ болсын) тиелген көліктерді бір тәулікке тоқтатып көр! Сол себепті, кеденде жүкті тексеру тым ұзақ уақытқа созылуы мүмкін, ал кедендік жүк тексерудің толық жетілмеген жүйесінен саңылау тапқан пысықай кәсіпкерлер соны жиі пайдаланады.

Сөйте тұра, кедендегілер бұл мәселе жайында ешкімге жақ ашпай, жүк көліктерін жеңіл-желпі тексеріп келді деп айта алмайсыз. Олар осы мәселені айтып, талай рет кәсіпкерлер мен журналистерді шақырып түрлі дөңгелек үстелдер өткізген. Шекарадағы күрмеулі мәселелер жайында Астанаға да, Қытайдағы әріптестерге де хабарлаған.

Енді міне, кедендегі қиындықтар жайында көпшілікке хабар беріп, қиын мәселелерді шешуге ұмтылған Артықбаев сол үшін таяқ жеп отыр. Бұл тегін емес шығар? Бәлкім, біреулер мұндай ашықтықтан гөрі бұрынғыдай тыныштықтың орнағанын қалайтын шығар?

Бірақ сонда кез-келген адамды темір торға тоғыта салуға бола ма? Сонда, кез келген кедендік департамент басшысы мұндай теріс құрылған жүйеде жұмыс істеп, сол үшін алдын-ала айыпты болып шыға келе ме? Әрбір кеденшіге контрабандалық жүк тасымалына жол берді деген айып таға салуға болады. Бұл дегеніміз, бар айыпты қате салынған бүкіл елдегі канализация жүйесінде жұмыс істейтін сантехникке арта салғанмен бірдей.

Бұл жерде Америка Құрама Штаттарындағы кедендік тексеруге қатысты жағдайды мысалға келтіре кеткім келеді.

Американың кедендік қызметтері бір жылда елге тасымалданатын есірткінің 10 пайызға жуығын ұстайды. Бірақ бұл дегеніміз, есірткінің елге өтіп кеткен қалған 90 пайызын көрмей қалған кеденшілерді түрмеге отырғызу дегенді білдірмейді.

Өйткені ол жақта іске деген көзқарас өзгеше. Кеден қызметкерін соттаса – оның біреумен ымыраласып, пара алғаны дәлелденген жағдайда ғана соттайды. Біздегідей маски-шоуға қарағанда, осы дұрыс, меніңше.

Сөзімді қорыта келе, тағы бір ойымды айта кетейін. Егер біз Артықбаев сияқты адамдарды оп-оңай «құрта» салсақ, онда біз шынымен де өте бай мемлекет екенбіз. Табиғи ресурстар жағынан ғана емес, адам капиталы жағынан да байлығымыз ұшан-теңіз шығар?

Бірақ, бүкіл ел мен жекелеген азаматқа деген көзқарасымыз осындай болса, ертең біз кіммен қаламыз?

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3258
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5562