Сенбі, 19 Қыркүйек 2026
3537 1 пікір 14 Ақпан, 2019 сағат 17:03

Ақпарат министрлігі іс-шараға журналисті қатыстыру ережесін күшейтуді ұсынады

Қазақстан ақпарат және коммуникациялар министрлігі іс-шараларға журналистерді қатыстыру ережесін күшейтуді ұсынып отыр.

Нормативтік құқықтық актілер электрондық базасында 13 ақпанда жарияланған бұйрық жобасында министрліктің 2013 жылғы 21 маусымдағы № 138 бұйрығына бірқатар толықтыру енгізу қарастырылған.

Құжат жобасы бойынша, іс-шарадан хабар дайындайтын журналист аккредитация беруші мекемеге жеке бас куәлігінің көшірмесін тапсырып, мекеменің ішкі тәртібін сақтауға және модератор белгілеген регламенттің сақталуына жазбаша келісім беруі және журналист пен БАҚ арасындағы келісім-шарттық қарым-қатынастың барын растайтын құжат көшірмесін ұсынуы тиіс.

Егер журналисте осы құжаттар жетіспеген жағдайда немесе өтiнiштiң мазмұны талаптарға сәйкес болмаса, сонымен бірге жиын, отырыстар мен басқа да іс-шаралар өтетін ғимаратта журналистерді орналастыру мүмкіндігі болмаған жағдайда мекеме журналисті тіркеуден бас тартуы мүмкін екені айтылған.

Құжат жобасында тіркеген органның ішкі тәртібін және модератор регламентін бұзған журналисті тіркеуден айыру туралы шешім қабылдануы мүмкін деп жазылған.

Қолданыстағы БАҚ туралы заңда журналисті тіркеуден айыруға "аккредиттеу ережелерiн бұзғаны не өзiн аккредиттеген мемлекеттiк органдардың, қоғамдық бiрлестiктер мен ұйымдардың ар-намысы мен қадiр-қасиетiне нұқсан келтiретiн, шындыққа сәйкес келмейтiн мәлiметтердi таратуы" негіз болатыны көрсетілген.

Қазақстан ақпарат және коммуникациялар министрлігі бұйрық жобасын 27 ақпанға дейін талқылау үшін қоғам назарына ұсынған.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1323
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2895
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 979
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 909