Бейсенбі, 17 Қыркүйек 2026
3784 0 пікір 18 Ақпан, 2019 сағат 15:24

Шымкентте 13 жасар ұл өрт шыққан үйден екі баланы құтқарды

Шымкент қаласындағы Құрсай шағын ауданында 13 жастағы бала өрт шыққан жеке үйден екі бүлдіршінді құтқарды. Бұл туралы қалалық төтенше жағдайлар департаменті xабарлады.

Төтенше жағдайлар қызметінің мәліметінше, сенбі күні кешке Жаңақұрылыс көшесіндегі жеке тұрғын үйде өрт шыққан кезде оның ішінде үш бала ғана болған. Балалардың үлкені көршілерінен көмек сұрап барған. Көрші үйдің 13 жасар ұлы өрт сөндірушілер келіп жеткенше әлгі үйден үш және бес жастағы екі баланы сыртқа алып шыққан. Аумағы 60 шаршы метрлік тұрғын үй түгелдей жанып кеткен.

Арнайы қызмет өртті екі сағаттан кейін сөндірген. Өрт шыққан үйден құтқарылған балалардың жағдайы қалыпты деп хабарланды.

Өрттің неден шыққаны әзірге белгісіз.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1277
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2823
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 923
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 870