Астанада шахматтан Әлем чемпионаты өтеді
Астана - 20 ақпан сағат 11:00-де «Астана» Халықаралық қаржы орталығында (Мәнгілік ел даңғылы, 53, С-3.3 павильоны) классикалық шахматтан Командалық Әлем Чемпионатының өткізілуіне арналған баспасөз-конференциясы өтеді.
Спикерлер:
- Арыстанбек Мухамедиұлы – ҚР мәдениет және спорт министрі;
- Ирина Грищенко – Қазақстан шахмат федерациясының Атқарушы директоры;
- Динара Садуакасова – гроссмейстер, ҚР әйелдер құрамасының мүшесі;
- Ануар Исмагамбетов – гроссмейстер, ҚР ерлер құрамасының мүшесі.
Наурыз айында Астанада, әлемнің 14 елінен ең мықты құрамалар қатысатын классикалық шахматтан Командалық Әлем Чемпионты өтеді.
Мұндай іс-шара Қазақстанда алғаш рет өтеді.
Турнирде Қытай, Әзірбайжан, Иран, АҚШ, Ресей, Ұлыбритания, Үндістан, Украина, Грузия, тағы да басқа елдерден және Қазақстаннан 20 құрама ойнайды - 10 ерлер және 10 әйелдер командасы. Олардың арасында әлем чемпиондары, континенттік чемпиондар, FIDE 2018 Олимпиадасынан соң ең жоғары рейтингтерімен 6 команда, қабылдаушы федерациядан екі команда және де FIDE президентімен тағайындалған екі команда болады.
Командалық есепте Әлем чемпионы атағы - бөлек түрде, ерлер және әйелдер командаларына беріледі.
Abai.kz