Сәрсенбі, 16 Қыркүйек 2026
4121 3 пікір 21 Ақпан, 2019 сағат 10:27

Мемлекет басшысы Ахметжан Есімовті қабылдады

Мемлекет басшысы «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы Ахметжан Есімовті қабылдады, деп хабарлайды Абай-ақпарат Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Кездесу барысында Қазақстан Президентіне «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамының 2018 жылы атқарған жұмыстары жөнінде есеп берілді.

Нұрсұлтан Назарбаев «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамы қызметінің негізгі көрсеткіштерінің нәтижелері жақсы екенін айтты.

– Жалпы, Қор қызметінің қорытындылары басқа жылдармен салыстырғанда өте жақсы. Акционерлік қоғамның барлық компаниялары жылды табысты аяқтап, кірістерін арттыра түсті. Сонымен қатар, Қордың басқару деңгейлері жоспарлы түрде оңтайландырылды, – деді Елбасы.

А.Есімов Мемлекет басшысына Қор активтерін жекешелендіру барысы, «Қазақтелеком» және «Air Astana» компанияларын IPO-ға шығару жоспары, сондай-ақ «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамының «Сарыарқа» газ құбыры магистралін салу жұмыстарын қаржыландыру ісіне атсалысуы жөнінде баяндады.

Кездесу соңында Елбасы бірқатар нақты тапсырма берді.

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1250
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2776
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 898
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 845