Жаңа үкімет құрамына ұлт мүддесіне қарсы министрлер кірмеуі тиіс
Жер кодексіне "ЖЕРІМІЗ ШЕТЕЛДІКТЕРГЕ САТЫЛМАСЫН, ЖАЛҒА БЕРІЛМЕСІН!" деген бес-ақ сөзді енгізбеген, керісінше, ұлт мүддесіне қайшы келетін норманы яғни, ауыл шаруашылық жерлерді шетелдіктерге 25 жылға жалға беруді қолдап, заңдастыруға белсене атсалысқан АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҚ МИНИСТРІ Ө.ШҮКЕЕВ;
Мемлекеттен төленетін балалардың жәрдемақысын тоқтатқан, "көп балалы аналарға 16 мың теңге жарайды" деп барша жұртты ашындырып, ақыр соңында асыл аналарды көшеге шығаруға мәжбүр еткен ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРІ М.ӘБІЛҚАСЫМОВА;
Білім саласын әбден бүлдіріп былықтырған, "үш тілде оқыту" деп балалар мен ата-аналардың басын қатырған, ұлттық құндылықтарды жоюға тырысқан, мектеп бағдарламасынан "Әліппе" және «Қазақстан географиясы» пәнін алып тастаған БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРІ Е.САҒАДИЕВ;
Ұлттық менталитетімізге қайшы келетін ұсынысты заңдастырмақ болған, яғни 16 жасқа толған қыздарға ата-ананың келісімінсіз АБОРТ жасату және жастарға тегін презерватив тарату керектігі туралы ұсынысы халықты ашындырып, үлкен сынға қалған ДЕНСАУЛЫҚ МИНИСТРІ Е.БІРТАНОВ;
Азық-түлік бағаны шарықтау шегіне жеткізіп, монополистік бәсекелестікті реттей алмай, халықты жоқшылыққа жеткізген ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРІ Т.СҮЛЕЙМЕНОВ.
Еліміз қазба байлық пен шикізат өнімдеріне бай бола отырып, халық тұтынатын коммуналдық қызметтер (электр энергиясын, көгілдір отын, көмір т.б.) бағаларын шарықтатып өсірген және жанар-жағармайдың бағасын тұрақтандыра алмай, халықты әбігерге салған ЭНЕРГЕТИКА МИНИСТРІ Қ.БОЗЫМБАЕВТАР кірмеуі тиіс
Талғат Қатауов
Abai.kz