Алматының сәулет ескерткіші –«Қызыл-Таң» маталар үйі түгел жанып кетті
Алматы. 15 маусым. ҚазТАГ – Алматының сәулет ескерткіші –«Қызыл-Таң» маталар үйі түгел жанып кетті. Бұл туралы ҚазТАГ тілшісіне ТЖД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлшат Дәуренбекова хабарлады.
«Ғимарат өте ескі, ағаштан салынған. Сондықтан өрт жертөледен бірінші қабатқа, ол жерден ғимараттың басқа бөлігіне тез тарап кетті», - деп түсіндірді Г. Дәуренбекова.
Оның айтуынша, өрттің басқа ғимараттарға тарау қаупі жоқ. «Біз әзірге өртті түгел сөндірген жоқпыз. ТЖ күштері оның таралуын ғана тоқтатты, сондықтан басқа ғимараттардың өртену қаупі жоқ», - деді Г. Дәуренбекова.
Оның айтуынша, «Қызыл-Таң» маталар үйіндегі өрттің аумағы шамамен 900 ш. метрді құрады.
«Өртпен күреске 12 арнайы автотехника және ТЖ жеке құрамының 50 адамы тартылды. Кейін анықталғандай, өртті сөндіру үшін бұл жеткіліксіз болып шықты, өйткені өрт гидранттарындағы судың күші өте әлсіз болды. Сондықтан қазіргі уақытта оқиға орнына қосымша күштер атанды», - деп түсіндірді Г. Дәуренбекова.
ТЖ баспасөз қызметінің мәліметтеріне сәйкес, жүз адам қауіпсіз жерге көшірілді.
«Бұл - негізінен жақын орналасқан үйлердің тұрғындары және дәмхана қонақтары», - деді Г. Дәуренбекова.
Өрттің тұтануына не себеп болғаны әзірге белгісіз.

«Қызыл-Таң» маталар үйінің ғимараты – көпес И. Ғабдуәлиевтің сауда үйі. Оны 1912 жылы сәулетші А.П.Зенков салған және ғимарат сәулет ескерткіші ретінде мемлекеттің қорғауында болған.
Бұрын хабарланғандай, Алматыда күндізгі сағат 12-ге қарай тағы бір ірі өрт оқиғасы тіркелді. ТЖ мәліметтеріне сәйкес, Қазыбаев көшесіндегі сауда жабдықтары зауытының қоймасынан өрт шыққан.
«Қазыбаев көшесіндегі сауда жабдықтары зауытының қоймасындағы өрт 520 ш. м. аумақты шарпыды. Қазіргі уақытта ол жердегі өрт толығымен сөндірілді», - деді Г. Дәуренбекова.