Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2007 0 пікір 16 Маусым, 2009 сағат 06:21

Ербақыт АМАНТАЙҰЛЫ. Дағдарыстың сылтауымен жалақы беруді қойды

Солтүстік Қазақстан облысында еңбекақыны уақытында төлемеу фактілері жиілеп кетті. Жергілікті бақылаушы орган осындай мәлімет таратып отыр.
Соңғы ақпараттарға сүйенсек,  өңірдегі кәсіпорындар  жұмысшыларына 72 миллион 172 мың теңге берешек екен. Қарыздарын қайтармай отырғандардың дені ауыл шаруашылығы саласындағы кәсіпорындар. Мысалы, «Трансавто» ЖШС 28 миллион 687 мың теңге жалақыны бермей отыр. Облыс әкімінің бірінші орынбасары Жанболат Смайылов берешек фирмалардың басшыларын жинап, қарызды қайтармаған жағдайда қатаң шаралар қолданылатынын ескертті. Ал жұмыс берушілер бір сылтау тауып алған – бәріне қаржы дағдарысы кінәлі. Дегенмен, дағдарыс деп аталған кәсіпорындар жұмыс істеуін тоқтатқан емес. Жұмыс жүріп жатыр, яғни, пайда да түсуде. Сондықтан еңбекақыны не себепті уақытында төлемей отырғандары түсініксіз.

Қызылжарда орташа жалақы 40 мыңның ар жақ, бер жағында. Ал республика бойынша бұл көрсеткіш 60 мың теңгенің үстінде. Бірақ, еңбеккерлердің бәрінің жалақылары бірдей емес. Мемлекеттік инспекторлар жүргізген тексерістер барысында ең төменгі жалақыдан да төмен ақша төлеген кәсіпорындар анықталыпты. Мысалы, «Киевский Север» серіктестігіндегі жұмысшылардың жалақысы 13 мың теңге ғана.  Ал «Богви» серістестігі 11 теңге белгілепті. Ауылдықтар басқа жұмыс болмаған соң, осындай фирмаларға тиын-тебенге жалдануға мәжбүр. Қазіргідей қымбатшылық заманда бұл алғандары шай-тұзынан аспайтыны айтпаса да белгілі.

Солтүстік Қазақстан облысы

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1498
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3268
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5636