Бейсенбі, 31 Қазан 2024
Жаңалықтар 2753 0 пікір 22 Мамыр, 2011 сағат 07:47

Көсемәлі Сәттібайұлы. Театр мен мешітті шатастырмайық

Театр - ой-өресі биік адамның көңіл-күйі рухани тұрғыдан құла­зыған сәтте жан дүниесіне қажетті сымбат пен сұлулықты, көркемдік пен кемелдікті, шеберлік пен шынайылықты іздеп баратын орны. Әлбетте, иман мен иба, әдеп пен әдет деген шәрбетті де сіміру қажет-дүр. Біз білетін бір кездергі көрермендер осындай-ды. Олар өнерді әлемдік өркениет деңгейіне көтере білген марғасқалардың сөзін естіп, жүзін жақыннан бір көргеніне бақытты еді. Ал білімі мен білігі бірнеше ұрпаққа үлгі болар қасқалар мен жайсаңдардың театр туралы түсінігі кербез Ғабеңнің «Чудо!» дегеніндей, тіпті, ғажап болатын. Қазір ше?

Қазір театрдан гөрі тойда бас қосатын «білімділер» көбейді. Тойда бас қосқасын театр тағылымынан гөрі тойдың «қызығы» мен «шыжығы» (кім келді, кім сөйледі, не сыйлады?) көбірек «талқыланатыны» белгілі. Ал әкімдер мен олардың бірінші, екінші орынбасарларының, басқарма және ірілі-ұсақты фирма басшыларының есіне театр атты дегдар шаңырағыңыз конференция, есеп-қисап, форум және өнеркәсіп, шаруашылық жиындарын өткізерде ғана түседі. Өйткені, олар үшін театр - «помещение»! Әрі су тегін. Сол үшін де оның құлап қалмай, қалқиып тұрғаны жақсы. Ал ішінде не қойылып, не айтылып жатыр... шаруасы жоқ.

Айтпақшы, оларды театрға еріксіз жетелеп келетін тағы бір жағдай бар. Ол Құдайды құқайға айналдырған кеңес идеологтары ойлап тапқан дәстүр. Жаназаны әкімшілік іс-шараға, митингіге, жиналысқа айналдырып, ұзақсонар сөйлеу, сөз тимей қалса, өкпелеу, пыш-пыштау... шығыста да, батыста да жоқ әдет. Қазақ зиялыларына бұл дерт кеңес өкіметі тұсында жабысты.

Рас, дінді тәлкек қылған заманда «рұқсат бермейді» деп ақталды, мешіт жоқта «мешіт жоқ қой» деп күңкілдеді, мешіт тар кезде «мешіт тарлық қылып тұр» деп қынжылды. Ал енді елі тыныш, діні аман, жері бүтін тұста не жорық? Үлкен қалада үлкен көшенің бойында үлкен мешіттердің мұнаралары менмұндалап тұрғанда  мұсылманның мәйітін театрдан шығару дұрыс па? Әлде еліне еңбегі сіңген қайраткердің табытын мешіттен шығару айып па? Мүмкін біреулерге жақын-жуығының мүрдесін театрдан шығару артықшылық болып көрінер...

Жоқ, ардақты ағайын, біз білгенде театр - саф алтындай сирек өнер - сахна шаңырағы. Оны басқамен шатастыруға болмайды. Ал халқы қадір тұтқан марқұмдармен қоштасып, жаназасын оқуды мешітте өткізген жөн. Мысалы, әлемге әйгілі Меккедегі Әл-Харам мешітінде бес парыз намаздың әр қайсысынан кейін қайтыс болғандарға жаназа оқылады. Оған аз дегенде 2-2,5 миллион мұсылман тік тұрып ұйиды. Міне, о дүниелік болған марқұмға керек құрметтің ең үлкені осы! Сондықтан Астана мен Алматыдан бастап, ауылға дейінгі ардақты азаматтардың мәйітін мешіттерден шығарса және оған күллі жамағат қатысып, жаназаға тұрса, марқұмның біліп-білмей істеген күнәсі үшін үлкен сауап болар еді-ау деп ой­лаймыз.

Айтпақшы, жақында облыстық қазақ драма театрының 75 жылдығына арналған салтанатты жиын өтті. Өкінішке қарай, сахна ұжымының осы қуанышына ақ жағалы шенеуніктердің бірде-біреуі бас сұқпады. Әйтпесе, қаланың қақ ортасында Қаратаудай боп тұрған қазақ драма театрына облыстық әкімдік алыс емес. Қала­лық әкімдік әудем жерде тұр. Ішкі саясат басқармасы да таяқ тастам. Демек, ерінбеген шенеунік «құттықтап құтылайықшы осылардан» деп, жаяу-жалпы бара салатын жер. Бірақ, шенеуніктер де, зиялы­лар да сахна қайраткерлерінің қуанышын бөлісуге жарамады.

«Елу жылда ел жаңа» дейді. Ал жаңарған елдің тәуірлері театрдан да тағылым ала біледі. Сондай-ақ, кеңестік идеологияның «дәстүрсымағын» жаңартады. Өйткені, театр талабы бөлек те, мешіт миссиясы басқа! Біздікі екеуін шатастырып, шаңқай түсте адаспаңыз ағайындар, деу.

Жамбыл облысы

«Егемен Қазақстан» газеті

0 пікір