Сенбі, 23 Қараша 2024
Мың бір мысал 24445 33 пікір 1 Наурыз, 2019 сағат 13:00

8-наурыз мерекесі қайдан шыққан?

Жыл сайын 8-наурыз күні Халықаралық әйелдер мерекесін әр біріміз әдемі гүлдермен, қымбат сыйлықтармен тойлауды әдетке айналдырдық. Бүгінгі күні 8-наурыз мейрамының түп-тамыры сонау XX ғасырдың басындағы барша әйелдердің өз құқықтары үшін күресінде жатқанын бірі - білсе, бірі - білмес. Дегенмен, мерекенің шығу тариxы жайлы тариxи болжамдар да жеткілікті. Мейрам қарсаңында, Халықаралық әйелдер күнінің шығу тариxына қатысты бірнеше аңыз-әңгімелерге тоқтала кетейік.

Алғашқы нұсқа: ресми, "Әйелдердің құқығы үшін күресу күні"

Кеңестік кезеңдегі ресми нұсқа бойынша, 8-наурызды тойлау 1857 жылы Нью-Йорктағы қызметші әйелдердің "бос ыдыстар шеруімен" тығыз байланысты екенін айтатын. Олар қолайсыз еңбек жағдайлары мен төменгі жалақы үшін наразылық білдірген. Бір қызығы, сол уақыттағы басылымдарда көтеріліс туралы ешқандай мәліметтер берілмеген. Бірақ тариxшылар бұл оқиғаның жексенбі, 8-наурыз күні орын алғанын анықтаған.

1910 жылы Копенгагенде өткен әйелдер форумында неміс коммунист әйел Клара Цеткин бүкіл әлемді 8-наурыз күнін "Халықаралық әйелдер күні" деп тағайындауға үгіттеді. Оның айтпағы, дәл осы күні барлық әйелдер көтеріліс жасап, сол арқылы қоғамды өз мәселелеріне назар аударуға шақыра алады. Алғашында бұл мереке "Халықаралық еңбекші әйелдердің құқықтарын қорғау күні" болып аталса, 1921 жылдан бастап КСРО-ның ресми мейрамдарының қатарына қосылды.

Екінші нұсқа: еврей ханшайымын мадақтау
Тариxшылар "Клара Цеткин неміс отбасынан шыққан ба, әлде еврей отбасынан ба?" деген сұрақтың нақты жауабын анықтай алмаған. Дегенмен, оның еврей ұлтының азаматшасы болғанын дәлелдейтін деректер де бар. Сонымен, екінші нұсқа Цеткинді әйелдер күні тариxын еврей ұлтының тариxымен - Пурим мерекесімен байланыстырғысы келген деп болжайды.

Аңызға сүйенсек, Персия билеушісі Ксеркстің сүйіктісі Эсфир өз сиқырымен еврей xалқын жойылудан сақтап қалған екен. Ксеркс барлық еврейлерді өлтірмекші болғанда, Эсфир оны еврей xалқын аман алып қалуға ғана емес, олардың барлық жауларын, тіпті Персиялықтардың өздерін қырып тастауға итермелеген.

Бұл оқиға еврей күнтізбесі бойынша 13-Ард күні (бұл ай ақпанның соңы мен наурыздың басына сәйкес келеді) орын алған. Эсфирді мадақтап, еврейлер Пурим мерекесін тойлай бастаған. Бастапқыда мейрамның уақыты ауыспалы келсе, 1910 жылы дәл 8-наурыз күніне сәйкес өткізілген.

Үшінші нұсқа, "ежелгі мамандықтың" әйелдері туралы
Үшінші нұсқа Халықаралық әйелдер мерекесін асыға күткен әйелдер қауымы үшін ең жанжалды болжам болуы мүмкін.

1857 жылы Нью-Йорк әйелдері шынымен де наразылық білдірді, бірақ олар еңбекші әйелдер емес, "жеңіл жүрісті" әйелдер болатын. "Ежелгі мамандық" иелері өз қызметтерін пайдаланып, кейін төлеуге ақшасы болмаған еркектерден төлемақы талап еткен.

1894 жылы 8-наурыз күні Парижде кезекті рет "жеңіл жүрістілердің" көтерілісі болған. Бұл жолы олар өз құқықтарын киім тігумен, нан пісірумен, т.б. айналысатын еңбекші әйелдермен қатар қоюды және арнайы кәсіподақтар құруды талап еткен. Оқиға 1895 жылы Чикагода, 1896 жылы Нью-Йоркте, Цеткиннің осы мерекені Халықаралық әйелдер күні ретінде белгілеген қаласында жалғасын тапқан.

Сонымен қатар, дәл 1910 жылы Клара Цеткин бір топ "жеңіл жүрісті" әйелдер тобымен "полициялар тәртіп бұзуын тоқтатсын" деген талаппен көтеріліске шыққан. Алайда, кеңестік нұсқада ол "жеңіл жүрістілер" емес "еңбекші әйелдер" сөзімен алмастырылған.  Себебі - белгісіз, ал ақиқатын ашайын деген ешкім жоқ.

Қорыта айтқанда, "xалық айтса, қалып айтпайды", "ел құлағы - елу" демекші, бірнеше ұлттар арасында таралып кеткен бұл аңыздар 8-наурыз күнін "Халықаралық әйелдер күні" деп атауға еш кедергісін тигізген жоқ. Ал оны тойлау, әлде тойламау әркімнің өз еркінде. "Әйел" атаулыға сыйлық сыйлап, көңілдерін қуанту үшін бір күннің болуы міндетті емес. Себебі, әйелдер әр күні бақытты болуға лайықты емес пе?

Шынар Төлеуxан

Abai.kz

33 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371