Алтынай САҒЫНДЫҚОВА. Вакцина зиянды ма, әлде пайдалы ма?
Дәл осы сұрақ талас тудырады. Әркімнің өз шындығы, дәлелі бар. Ақпарат құралдары Қазақстанның әр түпкірінде жылт ете қалған «кейбір тұрғындар вакцинадан бас тартуда» деген хабарды негізге алып сараптама да жасады. Мәселен, атыраулық бір топ ата-ана дінді желеу етіп екпе жасатудан бас тартқан. Олардың саны қазір 200-ден асады, ал Қазақстан бойынша өткен жылы мыңнан астам бала вакцина алмаған. Әсіресе Қарағанды, Павлодар, Оңтүстік Қазақстан, Ақмола, Батыс Қазақстан және Алматы облыстарында мұндай дерек жиі тіркеледі. Оған Ақтөбені де қосыңыз. Бірақ облыстың бас педиатры Аманжол Тұяқбаевтың айтуынша, мұндай дерек тіркелмеген. Эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің бастығы Клара Омарова да «актөбеліктер вакцина алмай жатыр» деген сөзді естімеген екен. Бірақ, «Саяжан» перзентханасында бүгінге дейін онға жуық бала вакцина алмаған. Кімге сенеміз?
СЭС маманының пікірі:
- Екпеден бұрын балаларды учаскелік дәрігер медициналық тексерістен өткізеді. Егер денсаулығында ешқандай да ақау болмаса, онда вакцина береді. Жөтеліп, түшкірсе кейінге ысырылады. Қалай дегенмен де бала 1 жасқа дейін вакцинаның негізгі бөлігін алуы керек.
Дәл осы сұрақ талас тудырады. Әркімнің өз шындығы, дәлелі бар. Ақпарат құралдары Қазақстанның әр түпкірінде жылт ете қалған «кейбір тұрғындар вакцинадан бас тартуда» деген хабарды негізге алып сараптама да жасады. Мәселен, атыраулық бір топ ата-ана дінді желеу етіп екпе жасатудан бас тартқан. Олардың саны қазір 200-ден асады, ал Қазақстан бойынша өткен жылы мыңнан астам бала вакцина алмаған. Әсіресе Қарағанды, Павлодар, Оңтүстік Қазақстан, Ақмола, Батыс Қазақстан және Алматы облыстарында мұндай дерек жиі тіркеледі. Оған Ақтөбені де қосыңыз. Бірақ облыстың бас педиатры Аманжол Тұяқбаевтың айтуынша, мұндай дерек тіркелмеген. Эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің бастығы Клара Омарова да «актөбеліктер вакцина алмай жатыр» деген сөзді естімеген екен. Бірақ, «Саяжан» перзентханасында бүгінге дейін онға жуық бала вакцина алмаған. Кімге сенеміз?
СЭС маманының пікірі:
- Екпеден бұрын балаларды учаскелік дәрігер медициналық тексерістен өткізеді. Егер денсаулығында ешқандай да ақау болмаса, онда вакцина береді. Жөтеліп, түшкірсе кейінге ысырылады. Қалай дегенмен де бала 1 жасқа дейін вакцинаның негізгі бөлігін алуы керек.
Балалардың барлығын тексеріп, қадағалап отырамыз. «Вакцина алмай жатыр» деген дерек бізде жоқ. Елдің арасында жүрген «антипрививочный движение» өткен жылдан бастап жұмыс жасап келеді. Осы дискіні қарап көпшілік вакцина алудан бас тартады деп айта алмаймын. Кейде инені шаныштырмаймын, емделмейін дейтін адамдар кездеседі. Түсіндірме жұмыстарын жүргізгеннен кейін бәрі қалыпқа келеді,- дейді Клара Омарова. Маман вакцина алмаған бала қоршаған ортаға қауіпті дей келіп, балабақша, мектепке барған кезде мұқият тексерістен өтетінін баса айтты. Заң бойынша әр қазақстандық жұқпалы ауруға қарсы екпе жасатуға міндетті, бірақ конституциялық құқықты бұзуға болмайды. Конституция бойынша «Республиканың азаматы өзiнiң азаматтығына орай құқықтарға ие болып, мiндеттер атқарады». Сонымен қатар, «Әркiмнiң өзiнiң жеке басының бостандығына құқығы бар».
Белгия, Франция, Ресей. Қазақстан осы елдерден вакцина тасиды, өзімізде ешқайсысы шығарылмайды. Облысқа биыл түрлі екпе үшін бақандай 148 млн. теңге бөлінген.
Мектеп оқушыларының алатын өз привикасы бар. Оқу орнындағы медициналық қызметкер бір күн бұрын оқушы күнделігіне екпенің түрін, алатын уақытын жазуы керек. Бірақ мектеп оқушыларына «вакцина беріледі» деген ескертуден гөрі бір күнде барлығын «тоғыта салу» жиелеп кетті.
Қазақстанда жыл сайын «Иммунизация апталығы» өтеді. Мұнда көбіне түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Еуропаны қамтитын апталық кезінде барлық дәрігер азды-көпті мән-жайды түсіндіріп, вакцинаның ауадай қажетті екенін дәлелдеп бағады. «Неге вакцина алған бала ауырады?» деген сұрағымызға Клара Омарова:
- Вакцина алған баланың барлығы бірдей ем-домды қабылдай бермейді. Себебі, шаншылар кезде жасырын ауру, әлсіздік орын алуы мүмкін. Ал, әлсіз бала вакцинаны қорыта алмайды,- дейді. Қазір шетел екпе алмаған адамды қабылдамайды, виза берілмейді екен.
Бас педиатордың пікірі:
- Әрбір елде балаларға, ересек адамдарға арналған вакцина ережелері бар. Қазақстан 1995 жылдан бастап 2008 жылдың ортасына дейін сол кестемен жұмыс жасап келді. 2008 жылдан бері Үкімет қаулысы бойынша ұлттық кестеге қосымша вакциналар енді.
Бүкіл жер бетінде адамды аурудан сақтап қалатын прививкадан артық ештеңе жоқ. Көп адам вакцина алсақ та ауырамыз дейді. Мәселен, сал ауруы - өте қауіпті ауру. Аяқ-қолы ырыққа көнбей, мүгедек боп қалады. Егер ауруға қарсы егілсе, ол жеңіл түрде ауыратын еді, оның аяққа тұрып кету мүмкіндігі де бар. Ал, егілмесе, міндетті түрде сал боп қалады.
1994-1997 жылдары вакцинаға қарсы астыртын насихаттау жұмыстары жүрді. Халық арасында «пайдасы жоқ, зиян» деген қаңқу сөздер көбейді. Сол жылдары Қазақстанға вакцинаның жетуі нашарлады. Дефтериямен ауыратын адамдардың да қатары артқан болатын. Қазір бәрі қалыпқа келді.
Бүгінде шошқа тұмауы әлемді шарлап кетті. Жүздеген адам көз жұмып жатыр. Ғалымдар аурудың шығу тегін зерттеп, дертке қарсы ем-дом іздеп жатыр. «Вакцина неге керек?» деген сұраққа жауап осындай.
Заң бойынша әрбір қазақстандық вакцина алуға міндетті. Егер егілмесе қоршаған ортаға, айналамызға қауіп төндіреді,- дейді облыстың бас педиатры Аманжол Тұяқбаев.
Дәрігер вакцинаны әрі ысырып қойып, бір Аллаға сенген жандарды түрлі ағымдарға еріп, адасып жүргендер деп есептейді. Жыл сайын 18 жұқпалы ауруға қарсы 5 млн. адамға тегін вакцина беріледі екен.
Биыл онға жуық балаға вакцина берілмеді
«Саяжан» перзентхасының балалар дәрігері Темірхан Орнашбаев:
- Өткен жылы вакцина алмағандар өте аз болатын. Жыл басынан бері он шақты балаға екпе жасалған жоқ. Себебін ата-ана бас тарту туралы қолхатында көрсетеді. Онда алдымен аты-жөні, босанған уақыты жазылып, «асқынып кетуі мүмкін», «дәрігерлер түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Балама вакцина беруге қарсылық білдіремін. Ешкімге кінә тақпаймын» деп себебін анық көрсетеді. Олардың көбі қазақтың қыз-жігіттері, дінге сеніп, «болмайды» деген көзқарасты ұстанғандар.
Перзентханада туберкулезге және В гепатитіне қарсы вакцина беріледі. Біреулері гепатитке, екіншілері туберкулезге қарсы вакцинаны алмай жатады. Бұлардың қатары көбейетін секілді. Себебі ел арасында дикілер тарап кенкен, адамдар ғаламторды кеңірек пайдаланады. Дискіні қарадым. Қазақстанның ұлттық екпе кестесіне қарсы ой менде болған жоқ,- дейді.
Дін медицинаға қарсы емес
Аты-жөнін айтудан бас тартқан «Нұрдәулет» мешітінің имамы ұлттық кесте бойынша вакцина алғанын айта келіп, бұл әрекетті «ел арасына іріткі салу» деді.
- Қарапайым халықтың қолында жүрген дискі туралы естідім. Бірақ бізден келіп сұраған ешкім жоқ,- дейді ол.
«Нұр Ғасыр» мешітінің наиб имамы Ғабит Маткаримов:
- Ия, жамағаттың ішінде Ресейден келген дискілер болған. Профессорлардың дәрісі жазылған дискіні көрген соң адамдар арасында қарама-қайшы пікір туды. Біз бұл ойдың қате екенін де айтқанбыз.
Мұхаммед Пайғамбарымыз (с.ғ.с) хадистерінде: «Аллаһ Тағала ауруды жіберсе, оның емін де жібереді және емін тауып емделіңіздер» дейді. «Егер оба ауруы туған жерді білсеңіз ол жерге бармаңыздар. Ал, соның ішінде болсаңыздар, ол жерден шықпаңыздар» деген де бар,- дейді. Сұрап барған мұсылман ағайынға түсіндіру жұмыстарын жүргізетін мешіт қызметкерлері ел пікірі әрі қарай «жақсы жаққа өзгерді» деп ойлайды.
DVD дискілер тәркіленген жоқ
Қолымызға түскен мына дискіні қала базарларынан табуға болады. Ақтөбеге Алматыдан әкелінгенімен, Қазақстанға Ресейден жеткізіледі екен. Бірақ бұл тауарға лицензия барын байқамадық. Әдеттегідей фильм басталарда айтылатын ескерту мұнда жоқ. Базардағы құны 200-250 теңге. Ал, дискі ішінде вакцинаның зияны туралы ғалымдар деректер келтіреді. Кейін құқық қорғау органдарына да хабарласқанбыз.
Қалалық прокурордың аға көмекшісі Мәлік Қарасаевтың айтуынша, тексеріс хабарлама түскен кезде және тоқсан сайын жүргізіледі екен. Бірақ шағын және орта бизнес өкілдеріне мораторий жарияланғалы бері бұл мүмкіндіктің де күші жойылды.
Түйін сөз
Қолдан қолға тиген дискіні ақтөбеліктердің басым бөлігі көрмесе де естіді. Баласының аяғына шөгір кіргізбейтін ана, жас ана сәбиін қоршаған ортадан осылай қорғауға ниетті. Вакцинаның айналасындағы дау Қазақстанда ғана емес, әлемде бар. Бір ғалымның жылдар бойғы еңбегін екіншілері жоққа шығарып дәлел айтуда. Ал, ғаламтор ашық сауда алаңына айналған. Мұндағы медициналық орталықтар өз қызметін ұсынады. Арнайы бағалары жазылған парақшалары мен тұрақты сатып алушылары туралы мәліметті анық көрсеткен. Мәселен, қазақстандық «Медсервис+» ЖШС-і ресейлік www.bio.ru сайтында жүр.
Керек мәлімет
Оқыс оқиғалар қатарына вакцинаның ластануы мен дәрінің алмасып кетуі тіркелген. Мәселен, Парник қаласында (Болгария) ластанған вакцинаның әсерінен 280 баланың 111-і қайтыс болған. 75-і туберкулездің ауыр түріне шалдыққан. 1997 жылы Жаңатаста (Қазақстан) 153 бала вакцинадан зиян шеккен. Олардың екеуі артық мөлшерде беріген дәріден қаза тапқан. Сербиядан алынған арзан, сапасыз вакцинаның әсерінен 2004 жылы елімізде 215 бала зардап шегіп, айлар бойы емделген.
Әлемде талай қызық бар
Ұлыбританиядағы ислам дәрігері Абдул Маджид Катме мұсылман балаларын түрлі ауруларға қарсы вакцинамен егуге тыйым салды. Олардың ойынша адам мен жануардың талшықтарынан жасалған дәрі-дәрмекке ислам діні қарсы. Мәселен, кейбір вакцинаның құрамында шошқа дірілдегі (желатин) бар екен. Ислам дәрігерлерінің басшысы Абдул Маджид Катменің айтуынша, сәбиді екі жасқа дейін емізу арқылы мұсылман балаларының ағзасы кез келген ауруға төтеп береді екен. Катменің бұл айтқан сөзін Нигерия, Ауғанстан, Пәкістан елдерінің дәрігерлері де қолдап отыр. Бірақ Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтеріне сүйенсек, осы елдерде вакцина қабылдаушылар саны артты. Тек қана Нигериядағы көрсеткіш 56-дан 20-25 пайызға төмендеген.
Керек дерек
Дүниежүзі бойынша шешекке қарсы вакцина қажет екендігі туралы сөз 1100 жылы Қытайда қозғалған. Араға жүздеген жылдар салып, яғни 1721 жылы тұңғыш рет Ұлыбританияда шешекке төтеп беретін дәрі шығару қолға алынады. Эдвард Дженнер1796 жылы алғаш рет «вакцинация» (латын тілінен аударғанда сиыр) сөзін ойлап тапқан. Сол жылы сиыр шешегіне қарсы вакцинаны қолданып, екпе жасайды. Уақыт өткен сайын кездескен түрлі жұқпалы ауруларға қарсы вакцинаны ғылыми тұрғыда дәлелдеп шығу үшін талай тер төгуге тура келді. Қызылша, қызамық, туберкулез, тұмау, бруцеллез және т.б. ауру түрлеріне қарсы вакциналар жылдар бойғы еңбектің нәтижесі.
Керек мәлімет
Шошқа тұмауына вакцина табылды
АҚШ, Жапония, Германия, Австралия, Ұлыбритания ғалымдары күн-түн демей шошқа тұмауына қарсы дәрі-дәрмек ойлап табуға «жандарын салды». Бірақ бәрін корейлік ғалымдар басып озды. Чхуннам ұлттық универтитетінде профессор Со Сан Хи бастаған ғылыми топ мәре сызығын бірінші боп кесті. Вакцинаны қабылдаған адамдар бар. Нәтижесі де жоғары. 50 млн. халқы бар Оңтүстік Кореяны аурудан сақтандыру үшін 50 мың доллар қажет екен. Бірақ бұл вакцинаның алғашқы тобы қыркүйек айында шақпақ. Әзірге қара халықты құтқарады деген үміт клиникалық бақылауда.
Республиканың бас дәрігері «вакцина алу керек» дейді
Сұрақ:
Құрметті Жақсылық Ақмырзаұлы, Сізге қояр сұрағымыз: Менің 2,5 жасар балам бар. Құдайға шүкір, денсаулығына еш өкпеміз жоқ. Осы уақытқа дейінгі емдеу-сауықтыру вакциналарын уақтылы алып келдік. Соңғы кездері ақпарат көздерінен вакциналардың бала денсаулығына кері әсер ететіні жиі айтылуда. Ресей академик-профессорлары вакциналардың адам өміріне қауіпті екендігін айтып, дабыл қағуда. Шетелден келетін вакциналар елімізге еш тексерусіз келетіні айтылуда. Осы ақпараттарды ести отырып, біз баламыздың денсаулығы үшін қатты алаңдаймыз. Біз саналы да салауатты ұрпақ тәрбиелегіміз келеді. Жақында баламызды балабақшаға орналастырғымыз келген,ол үшін аудандық емханадан дәрігерлік тексеруден өтуіміз керек болды және ондағы бала дәрігері гепатит С вакцинасын алмасақ, тексеруден өткізбейміз деді. Егер тексеруден өтпесек балабақшаға алмайтыны белгілі. Біз бас дәрігерге барып едік, ол кісі де бізді солай қайтарды. Сонымен біз вакцинаны алуға мәжбүр болдық. Жақсылық аға, осының қаншалықты заңды екенің түсіндірсеңіз және осы жағдай жалғаса бере ме (мектеп,институт)? Сіз өзіңіздің немерелеріңізге түрлі вакцинацияларды аласыз ба? Бұл жағдай Ақтөбе облысы Шалқар қаласында болғанын ескертеміз. Жауабын күтеміз. Сізге алдын ала рақмет.
Даурен Ділманов.
Жауап:
Құрметті Дәурен Қарабалаұлы!
Қазақстан Республикасында жұқпалы ауруларға қарсы вакцинациялау жүргізілетін аурулар тізбесі Қазақстан Республикасы Үкіметімен бекітіледі. Республикамызда вакцинациялау ауыр түрде, асқынулармен, қайтыс болумен аяқталатын және ең алдымен олармен балалар сырқаттанатын ауруларға қарсы жүргізіледі. Бұл - туберкулез, дифтерия, сіреспе, көкжөтел, полиомиелит, қызылша, қызамық, эпидемиялық паротит, А және В гепатиттері, b типті гемофильдік жұқпасы.
Вакциналарды өндіруге қатаң талаптар қойылады. Өндірушілер жасалған вакциналардың әрбір партиясын тексереді. Қазақстан Республикасында тіркелген кезде де вакциналар мұқият тексеруден өтеді.
Қазақстан Республикасы, басқа да көптеген елдер сияқты, балаларға кепілді сапасы бар вакциналарды, яғни Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен сертификатталған вакциналарды сатып алады.
Егулерге қарсы үгіттеу халық денсаулығына үлкен зиян келтіруде. Мысалы, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінде 90-ыншы жылдары дифтерия сырқаты өршіген. Қазақстанда дифтерияның өршуі 1995 жылы тіркелді, онда республикада бір жылда дифтериямен 1105 адам сырқаттанып, оның 66-сы қайтыс болды. Өршу жағдайы халықты вакцинациялау арқылы ғана тоқтатылды.
Елімізде 2008 жылдан бері егулерге қарсы бейнематериалдар тарату жағдайлары анықталып отыр. Қазіргі кезде егулерге басқа балама жоқ екендігін естен шығармауымыз керек. Егер де біз балаларымызды ауыр жұқпалы аурулардан және оның асқынуларынан қорғағымыз келсе, онда егуден бас тартпағанымыз жөн.
Балаларды егу ата-аналардың келісімі бойынша жүргізіледі. Ал егуден бас тарту балалардың ұйымдастырылған ұжымдарға (балабақша, мектеп) қабылдануына кедергі бола алмайды.
Денсаулық министрі Жақсылық Досқалиев.
primeminister.government.kz
"КЕРЕК.info"11.06.09