Сейсенбі, 1 Қазан 2024
2574 0 пікір 12 Наурыз, 2019 сағат 11:10

Бас прокуратура Гүлнара Каримова өз-өзіне қол салған деген ақпаратты жоққа шығарды

Өзбекстанның бас прокуратурасы Гүлнара Каримова елдегі колониялардың бірінде өз-өзіне қол салды деген ақпаратты жоққа шығарды. Бұл туралы Kun.uz интернет басылысы прокуратураға сілтеме жасап хабарлады.

"Ешқандай суицид немесе суицидке талпыныс, тіпті өз-өзін өлтіру болған емес. Гүлнара Каримова белгіленген тәртіппен жазасын өтеп жатыр. Кең талқыланатын тақырыпты әдейі қоздырған", - деп хабарлаған прокуратураның баспасөз қызметі.

Бұның алдында әлеуметтік желілер арқылы Өзбекстан президентінің тұңғыш президентінің үлкен қызы Ислам Каримов өз-өзін өлтірді деген ақпарат тараған.

Еске салайық, өткен аптада республиканың бас прокуратурасы Каримованың жалпы режимдегі колонияға ауыстырылғанын хабарлаған. Бұған оның үйқамақ тәртібін бұзуы себеп болған.

Abai.kz

0 пікір