Жүк көліктерінің қожайындарының барлығы Түркіменстан азаматтары, олардың алтауы этникалық қазақ, екеуі түркімен екені анықталды. Барлығы тоғыз күннен бері Кёнеургенч этрапы полиция бөлімінің абақтысында отыр. 5 наурызда ұсталған сегіз адамға түсті металды контрабандалық жолмен тасыды деген айып тағылған. Бұл туралы Азатлык радиосының Түркіменстандағы тілшісі хабарлады.
Оның айтуынша, ұсталғандар түркімен-өзбек шекарасынан өтіп, әрі қарай Қазақстанға жол жүрмек болған. "Автокөлікке тиелген жүк декларацияланған", - деп хабарлады тілші.
"Олар Қазақстанға виза ала алмаған, сол себепті Өзбекстан арқылы өтпек болған". Тілші мәліметіне қарағанда, күдіктілер түсті металды Қазақстанда азық-түлік пен басқа да тауарларға айырбастап, Түркіменстанға оралуды көздеген.
Abai.kz