Сенбі, 23 Қараша 2024
3360 0 пікір 20 Наурыз, 2019 сағат 11:28

Түркіменстан тұрғындарына Өзбекстанға тауар тасуға тыйым салынды

Түркіменстанның шекара қызметі Дашоғыз облысының тұрғындарына өнімдерін Өзбекстанға шығаруға тыйым салды.

"Хроники Туркменистана" басылымының хабарлауынша, Ресей төлқұжаты немесе өзбек визасы бар Дашоғыз уәлаятының тұрғындары Өзбекстанға он келіге дейін жүк алып өтуге құқылы болған.

"Түркімендер көбіне мақта-мата өнімдерін алып өтетін. Оны сатқан адамдар Түркіменстанға елде тапшы әрі қымбат тауарлар алып келетін. Мысалы, темекі. Дегенмен 10 наурыздан бастап шекарашылар көрші елге тауар өткізуге тыйым салды. Өзбек тарапы ешқандай тыйым қолданбады" деп жазды басылым.

Бұның алдында кеден қызметкерлері түркімен-өзбек шекарасынан түсті металл тиелген сегіз жүк көлігін тоқтатқан еді. Олар тауарды Қазақстанға Өзбекстан аумағы арқылы алып өтпек болған. Қазір сегіз адам тергеу абақтысында отыр.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1480
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3253
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5475